«Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының студенттері арасында «Мен спортты таңдаймын!» атты педагогикалық шеберлік байқауы
2023 жылғы 12 желтоқсан күні Қазақстан-Американдық еркін университетінің спорт залы базасында «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының студенттері арасында «Мен спортты таңдаймын!» атты педагогикалық шеберлік байқауы өтті. Байқаудың мақсаты — ТжКБ жүйесінің оқу орындарында «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша оқитын бәсекеге қабілетті талантты студенттерді анықтау және көтермелеу. 5 кезеңнен тұратын байқау барысында командалар визит карточкасын ұсынды, сабақ жоспарын (сабақтың КМЖ) әзірледі, дене шынықтыру бойынша оқу сабағының негізгі бөлігінің фрагментін өткізу дағдыларын көрсетті, спорттық-бұқаралық іс-шараның элементі ретінде аэробты-би фрагментін (флешмоб) көрсетті, «Көңілді старттар» спорттық эстафетасын өткізді. Байқау қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықталды: І орын – «Абай қырандары» командасы (Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық […]
«Үздік педагогикалық эссе» байқауына қатысу
2023 жылдың 22 қыркүйек күні ҚАЕУ Жоғарғы колледжінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Ева Александровна Рогозина Ұстаздар күніне және Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің 100 жылдық мерейтойына орай облыстық «Үздік педагогикалық эссе» байқауына қатысты. Ева Александровнаны құттықтаймыз!