Күштік спорт түрлері бойынша Қазақстан Чемпионатына қатысу

2024 жылғы 16-17 қараша күндері ҚАЕУ Жоғарғы колледжінің «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 2 курс студенті Веткалов Данил күштік спорт түрлері бойынша Қазақстан Чемпионатына қатысып, бицепске қатаң көтерілуде І орын алып, «Спорт шебері» атағының иегері атанды. Данилді жеңісімен құттықтаймыз!

Толығырақ

Оралхан Бөкей атындағы кітапханада өткен кездесу

2024 жылдың 14-15 қараша күндері ҚАЕУ Жоғарғы колледжінің оқытушысы М.К. Омарбекова ұйымдастырумен Оралхан Бөкей атындағы кітапханада 24М-р1.1, 24М-р1.2 топтарының студенттерімен «Кенді Алтай – талантты сөз шеберлерінің Отаны» тақырыбында орыс әдебиеті бойынша сабақ өтті. Студенттер бүгінгі заман кітапханасының керемет әлемімен танысты. Мұнда өткен мен болашақ тоғысқандай: ескі мен жаңа кітаптардың қатарлары, жайлы оқу залдары және заманауи компьютерлер мен жұмсақ креслолар орналасқан аймақ. Шығыс Қазақстанның жазушылары мен ақындары – Оралхан Бөкей, Анатолий Иванов, Борис Щербаков және тағы басқа қаламгерлердің шығармашылығы туралы әңгіме қозғалған осындай кездесулер біздің студенттермен де өтті. Кездесуден кейін студенттер эссе жазып, кітапхана туралы, оның әлеуметтік кеңістік ретіндегі рөлі және […]

Толығырақ

Шығыс Қазақстан облысы ТжКБ жүйесінің оқу орындарының қыздар командалары арасында волейболдан турнир өткізу

2024 жылғы 24-26 қыркүйек күндері Қазақстан-Американдық еркін университетінің 30 жылдығын мерекелеу аясында ҚАЕУ Президентінің Кубогына Шығыс Қазақстан облысы ТжКБ оқу орындарының қыздар командалары арасында волейболдан Турнир өткізілді. 2024 жылғы 26 қыркүйек күні Турнирдің салтанатты жабылуы өтті, оның жеңімпазы ҚАЕУ Жоғарғы колледжінің командасы болып, ҚАЕУ Президенті Кубогын жеңіп алды. Екінші орынды Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің командасы, үшінші орынды С. Аманжолов атындағы Жоғары колледж командасы иеленді. Турнир студенттер арасында волейбол ойынын насихаттау, оқу орындары арасындағы байланысты нығайту және жастарды дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту үшін маңызды оқиға болды.

Толығырақ

(Русский) Отчет по самооценке деятельности Высшего колледжа КАСУ по итогам 2023-2024 учебного года

Кешіріңіз бұл ақпарат келесі тілде ғана бар Русский

Толығырақ

«Интернеттегі діни экстремизмнің алдын алу» облыстық Quiz

2024 жылғы 22 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысының ТжКБ жүйесінің оқу орындарының (бұдан әрі-Квиз) білім алушылары арасында «Интернеттегі діни экстремизмнің алдын алу» облыстық Квизі ұйымдастырылып, өткізілді. Квиз ұйымдастырушысы: Амангелдина Салтанат Амангелдыкызы, ҚАЕУ Жоғарғы колледжі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары. Іс-шараға қатысушылар: Шығыс Қазақстан облысы ТжКБ жүйесінің оқу орындарының 1 курс білім алушылары. Квиздің мақсаты — жастар арасында діни сауаттылық деңгейін арттыру. Квизді өткізу 3 кезеңнен тұрды: бірінші кезең – «Сұрақ-жауап» викторинасын өткізу; екінші кезең – діни сауаттылықтың өзекті тақырыптары бойынша шығармашылық жұмысты қорғау; үшінші кезең (қорытынды) — діни экстремизмнің алдын алу бойынша Квизге қатысушылардың азаматтық ұстанымдарын бекіту және жоққа шығару. […]

Толығырақ

Діни сауаттылық – заман талабы

Бүгінде елімізде мемлекет пен діни ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынасты айқындаушы саланың бірі –  рухани, құқықтық, патриоттық білім беру мен тәрбие. Келешек ұрпақтың рухани тұрғыда және құқытық даму проблемасы қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселенің бірі болып отыр. Осыған байланысты дінді гуманистік білім берудің ажырамас компоненті ретінде зерттеу маңызды. Дін бұл шеңберде адам өмірінің басқа да салаларымен өзара әрекетінің арқасында мәдениеттің құрамдас бөлігі санатында қарастырылады.Ұлттың бүгіні мен келешегі  – білімді жастың қолында. Анығырақ айтқанда, тарихын терең білетін, ұлттың рухани құндылықтарын бойына сіңірген ұрпақ қана ел болашағын қалыптастыра алады. Ал сол білімді жастарға беруде қызмет ететін тұлғалар –теолог мамандар қауымы.  Заман жаңа міндеттер […]

Толығырақ

«Ақпараттық қауіпсіздік» облыстық олимпиадасына қатысу

2024 жылдың 29 сәуірі мен 2 мамыры аралығында ҚАЕУ Жоғарғы колледжінің студенттері ШҚО ТжКБ оқу орындарының IT пәндерінің студенттері арасында өткізілген «Ақпараттық қауіпсіздік» облыстық олимпиадасына қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді: 2 орын — Шарапов Ярослав, 3 орын — Вострышев Мария, қатысушы сертификаты — Амент Милен. Жетекшісі: Меркушев Роман Витальевич. Олимпиадаға қатысушыларды құттықтаймыз!  

Толығырақ

Саптық және ән байқауына қатысу

2024 жылдың 30 сәуірі күні «Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі» КМҚК Өскемен филиалы базасында Отан қорғаушылар күніне орай облыстық «Жас сарбаз» клубтарының саптық және ән байқауы өтті. Іс-шараға облысымыздан ТжКББ ұйымдарының 14 колледжі қатысты. ҚАЕУ Жоғарғы колледжінің командасы керемет әскери дағдыларын көрсете білді.

Толығырақ

Өскемен қаласы мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында «Болашақ заңгер» байқауы

2024 жылдың 5 сәуірінде Қазақстан-Американдық еркін университетінің базасында Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында «Болашақ заңгер» байқауы өтті. Байқауды ұйымдастырушылар: ҚАЕУ Жоғарғы колледжі. Қатысушылар: қалалық мектептердің 13 командасы. Іс-шараның мақсаты: қоғамдағы жасөспірімдердің құқықтық мәдениеті мен құқықтық сауаттылығын дамытуға және нығайтуға жәрдемдесу; болашақ мамандықты таңдау процесінде оқушыларға кәсіптік бағдар беру. Оқушылармен жұмыс екі алаңда жүргізілді: 1) «Буллинг әлеуметтік мәселе ретінде» секция жұмысы, 2) «Құқық бұзушылыққа жол бермеу» секция жұмысы (ШҚО полиция Департаментінің экспонаттар көрмесі). Секциялар жұмысының соңында конкурстың салтанатты ашылуы өтті, онда ШҚО полиция департаменті Кадр саясаты басқармасының бастығы Шалқыбаев Ерат Қайноллаұлы құттықтау сөз сөйледі. Байқау үш […]

Толығырақ

Заманауи ғылыми зерттеулер: қолданбалы зерттеулерден инновацияға дейін

2024 жылдың 29 наурыз күні «Заманауи ғылыми зерттеулер: қолданбалы зерттеулерден инновацияға дейін» атты колледжішілік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция 2 секциядан тұрды, жалпы колледжден 26 студенттің ғылыми жұмыстары тыңдалды. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша 12 студенттің еңбегі бағаланып, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, «Ең үздік ғылыми-зерттеу жұмысы», «Ең үздік презентация» және «Ең үздік спикер» номинациялары бойынша мадақтамалар берілді. Іріктеуден өткен ғылыми жұмыстар Қазақстан-Американдық еркін университетінде 2024 жылдың 8–12 сәуір аралығында өтетін XIV Халықаралық жас ғалымдар форумына жіберілді.

Толығырақ