Өскемен қаласы мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында «Болашақ заңгер» байқауы

2024 жылдың 5 сәуірінде Қазақстан-Американдық еркін университетінің базасында Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында «Болашақ заңгер» байқауы өтті. Байқауды ұйымдастырушылар: ҚАЕУ Жоғарғы колледжі. Қатысушылар: қалалық мектептердің 13 командасы.
Іс-шараның мақсаты: қоғамдағы жасөспірімдердің құқықтық мәдениеті мен құқықтық сауаттылығын дамытуға және нығайтуға жәрдемдесу; болашақ мамандықты таңдау процесінде оқушыларға кәсіптік бағдар беру.
Оқушылармен жұмыс екі алаңда жүргізілді: 1) «Буллинг әлеуметтік мәселе ретінде» секция жұмысы, 2) «Құқық бұзушылыққа жол бермеу» секция жұмысы (ШҚО полиция Департаментінің экспонаттар көрмесі). Секциялар жұмысының соңында конкурстың салтанатты ашылуы өтті, онда ШҚО полиция департаменті Кадр саясаты басқармасының бастығы Шалқыбаев Ерат Қайноллаұлы құттықтау сөз сөйледі.
Байқау үш кезеңнен тұрды: І кезең – «Құқықтық сауаттылық — уақыт талабы» тақырыбында заманауи бейнеролик дайындау, ІІ кезең – «Құқық негіздері» пәнінің мектеп бағдарламасының теориялық білім деңгейін тексеру, ІІІ кезең пікірталас форматында өтті.
Конкурс жеңімпаздары: I орын — 1) ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шоқан Уәлиханов атындағы № 3 мектеп-лицейі», 2) ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Лев Гумилев атындағы № 38 гимназиясы» КММ; II орын — 1) «ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі «№ 27 орта мектебі» КММ, 2) ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 7 орта мектебі» КММ; ІІІ орын — 1) ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 45 бейінді орта мектебі» КММ, 2) ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 19 қосымша білім беру мектебі-орталығы» КММ.

1