«Мен отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсымын!»

20.09. — 21.09.2016 жылы ҚАЕУ колледжінде «Мен отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсымын!» атты іс-шара өткізілді. Колледждің «Бастауыш білім», «Құқықтану», «Әлеуметтік жұмыс» мамандығында оқып жүрген студенттер қатысты.

Іс-шараның мақсаты: агрессия ұғымын түсіндіру, жеткіншек кезеңдегі зорлық-зомбылық ерекшеліктерін талдау, студенттердің зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы жайлы және оны қорғау мәселесі бойынша студенттерге кеңес берілді.

Колледж психологі Баженова Н.К. мен арнайы пәндер оқытушысы А.С. Кыдырханова. студенттерге слайдттар мен бейнероликтер көрсете отырып, пікір талас жүргізіп, іс-шараны жоғары деңгейде өткізді.