«Странники XX века» атты туристік маршрут
2019 жылдың сәуір айының 11 күні «Туризм» мамандығының студенттері «Странники XX века» атты туристік маршрут жасаған, қаламыздың танымал саяхатшыларымен өткен кездесуге қатысты. Кеш қонақтары: жазушы-өлкетанушы, мұрағатшы Аубакиров А. А., спортшылар – туристер – Сулейменов М., Зинюков В., «Радуга» балалар мен жасөспірімдер клубының жетекшісі -Ростовцева О. В., спортшы-альпинист,жаттықтырушы – Орлов В.В. Олар төрт керемет ерекше саяхат туралы әңгімелеп берді: қауіпті Лонг арктикалық шығанағын шаңғымен жүріп өтті, Қызылқұм мен Қарақұм — екі улкен шөл даланы жаяу бағындырды, кішкентай үрлемелі қайықтарда Арал теңізін жүзіп өтті, және де жоғары марафонды шаңғымен 4500 шақырым жүріп өтті.
Кездесу туризм, өлкетану туралы білімді қалыптастыруға, туризммен айналысуға қызығушылықты тәрбиелеуге ықпал етті.