ШҚО-да «Есірткіге жол жоқ!»
️2023 жылғы 19 қазан күні «Жастар рухы» жастар қанатының ШҚО филиалы, ШҚО ПД нашақорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасы және ШҚО прокуратурасы бірлесіп «Есірткіге жол жоқ!» акциясын өткізді.
Акция аясында «Жастар Рухы» ЖҚ ШҚО белсенділері және ҚАЕУ Жоғары колледжінің «Құқықтану»мамандығының 21-Пк1 тобының студенттері ,ШҚО прокуратурасы бірінші басқармасының аға прокуроры Хайдаров Кайырбек Кызыбрекович, ШҚО ПД бойынша нашақорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Ахметова Бақыт Жумашевна есірткі құралдарын сатып алу арналарының жарнамасын бояды.
Нашақорлық қоғам дерті. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде заң сақшылары нарколог мамандар, ата-аналар және сіздер мен біздер әрбір Қазақстан азаматы шетте қалмау керек. Ғасыр дертімен күресу керек. Дүниедегі ең қымбат ол сенің өмірің. Сенің өмірің өз қолыңда.