Әбділда Тәжібаев: «Сыр сұлтаны, жыр тұлпары»

2019 жылдың 19 сәуір күні ҚАЕУ колледжінің «Негізгі орта білім беру» мамандығының білім алушылары көрермен ретінде Әбділда Тәжібаевтың шығармаларын мәнерлеп, жатқа оқу сайысына қатысты.

Сайыс ағымдағы жылдың «Жастар жылы» деп жариялауына байланысты  дарынды жастарға қолдау көрсетіп, халыққа таныту мақсатында, «Бір ел — бір кітап» Республикалық ақциясы аясында өткен болатын. Жас таланттар ақынның отан сүйгіштікке, туған табиғатымызды аялауға, елімізді сүюге баулитын  өлеңдерін жатқа оқыды. Қатысушылар сөз зергері туындыларының лирикалық қаһармандарының ойлары, сезімдері мен толқуларын жан-жақты аша білді.