«Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтары» тақырыбындағы дәрісбаян

27.10.2016 ж Құқық бұзүшылықтың алдын алу кеңесінің және «Заңгерлер клиникасының» мүшелерінің ұйымдастыруымен бірінші курс студенттеріне «Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтары» тақырыбында дәрісбаян өткізілді. Студенттер дәрісті қызығушылықпен тыңдап, өзекті мәселелерді талқылай отырды. Дәріс барысында қосымша көрнекілік құралдарды қолдана отырып, әркімнің құқықтарын айтып қана қоймай, «Заңгерлер клиникасының» студенттері кездесуде жан-жақты тәжірибе негізінде алынған ақпараттарға сүйене отырып, кең ауқымды заң шеңберінде кеңес бере алды.

Толығырақ

Біз салауатты өмір салты үшін!

2016 жылдың 25 қазан айында ҚАЕУ колледж студенттері  «Біз салауатты өмір салты үшін» атты спортық шараға қатысты. Осы шара Шығыс Қазақстан Облысының Ішкі Істер Департаменті мен Нашақорлықпен курес басқармасының  қолдауымен мектептер мен колледж студенттер арасындағы денсаулықты сақтауды насихаттау мақсатында Ольга  Рыпакова атындағы спорт кешенінде өтті. Осы шарадағы құрама ойындар сайысына техникалық және кәсіптік білім саласынан 18 білім беру орындары қатысуға тіркелді, оның ішінде 10 мектеп және 8 колледж. ҚАЕУ колледжінің студенттері жоғары дайындықтың нәтижесінде жүлделі 3 орынға ие болды.

Толығырақ

Студенттер қатарына қабылдау

2016 жылдың қазанның 15-інші және 22-інші жұлдызында ҚАЕУ колледжінің акт залында бірінші курс білім алушыларын студенттер қатарына қабылдау шарасы өтті. Колледж әкімшілігінің мүшелері   құттықтау сөз сөйледі. Концерттік бағдарлама барысында  студенттік өмірдің қызықты да, ащы сәттерін  колледж студенттер кеңесі мүшелері мен көңілді тапқырлар Клубының   студенттері  әзілмен көрсетті.

Толығырақ

Калифорниядан келген Деннис Киннің «Казақстан бойынша саяхат» жобасының таныстырылымы

2016 жылдың 17 қазан күні Пушкин атындағы кітапханасында Дэннис Кинмен  ҚАЕУ колледжінің «Туризм» және «Бастауыш білім беру» мамандықтары бойынша студенттері кездесуге барды. Ұйымдастырылып отырған іс-шараның мақсаты халықаралық сұхбат және Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынасты нығайту, сондай-ақ Қазақстандағы туристік саланы дамытуға демеулік ету. Кездесуде Дэннис өзінің Қазақстанға алғаш келген сәтін және осында бір жолата қалуының себептерін түсіндірді. «Walking Almaty» («Алматы бойынша саяхат») атты өзінің шет ел туристеріне арналған танымдық маршруттарымен таныстырды. «Туризм» мамандығының студенттері өз қалаларын жаңадан ашқандай күйде болды. Оpen air воркшоп бағдарламасы арқылы қазанның 18-19 күндері студенттер Өскемен қаласы бойынша туристік маршруттар құрып, жаяу туризм бойынша қаланың көрікті жерлеріне […]

Толығырақ

Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған экологиялық акция

2016 жылдың 19 қазанында «Жасыл Ел» бағдарламасы бойынша «25 жыл бірге-таза Қазақстан үшін» атты экологиялық акция өтті. «Жасыл Ел» бағдарламасының ұйымдастырушылары  студенттерге экологиялық проблемалардың шешу жолдарын, қоршаған ортаны қорғаудағы өзекті мәселелерге  назарын аудара білді. Сондай-ақ табиғатты қорғау ісін насихаттау, табиғатты тиімді пайдалану сұрақтарын қозғап, өскелең ұрпақты Отанын сүюге, табиғатты сүюге тәрбиеледі. ҚАЕУ колледжінің студенттері және оқытушылары Қазақстан тауының жол бойына жас ағаштар отырғызып, игі іс жасап қайтты.

Толығырақ

Испан тіліндегі дәріс

13 қазан 2016 жылы ҚАЕУ колледжі «Аударма ісі» мамандығының 3 курс студенттеріне  испан тілін (екінші шет тілі ретінде) жетілдіру, тәжірибе алмастыру мақсатында АҚШ-нан жетекші оқытушы Гэри Сопер шақырылды. Дәріс барысында Гэри Соппер испан елінің мәдениеті, салт-дәстүрі, мерекелері, ұлттық тағамдары туралы толық мәлімет берді. Сондай-ақ өзін таныстыру, әңгіме құра білу қабілеттерін дұрыс қалыптастыра білуді үйретті. Дәріс жан-жақты толық қамтылған, өте қызықты өтті. Студенттер қызығушылықпен сұрақ қойып отырды, шетел оқытушысының келесі дәрісін асыға күтуде.

Толығырақ

Гэри Сопер жүргізген «Cooking» шеберлік сабағы

2016 жылдың қыркүйектің 20-сы мен қазанның 11-і жұлдызы аралығында ағылшын тілінен білім деңгейін жоғарлату және кәсіптік оқыту саласында ынтымақтастық орнату мақсатында тағам пісіру технологиясы бойынша шеберлік сабақтарды сертификатталған ағылшын тілі оқытушысы Гэри Сопер (АҚШ) жүргізді. Студенттерге итальяндық сорпа, «Chicken Fajitas» мексикалық тағамы, шоколад түйірлері және жержаңғақ майы араласқан печенье, жүгері жармасынан жасалған нан дайындау технологиясы көрсетілді. Білім алушылар түрлі елдердің аспаздығына  айқын қызығушылық танытты. Осындай шеберлік сабақтарды ҚАЕУ колледжінің студенттеріне Гэри Сопер екі жыл бойы өткізіп жүргенін айта кеткен жөн.

Толығырақ

«Мәңгілік ел» атты пікір-сайыс турнирі өтті

2016 жылдың қазанның тоғызыншы жұлдызында Өскемен қаласы әкімдігінің «Жастар орталығы» қолдауымен «Мәңгілік ел» атты жаңадан келген пікір-сайысшылар арасында Американдық-парламенттік форматта мемлекеттік тілінде қалалық турнир өтті. Пікір-сайыс турниріне С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ, Өскемен медициналық колледжі және ҚАЕУ колледжінің студенттері қатысты. ҚАЕУ колледжі «Aлаш ұрпақтары» дебат клубынан  «Смайл», «Айта берсін», «Егіз лебіз», «2 панда», «Сөз найза», «Өскелең» фракциялары қатысып, жақсы ойын көрсетті. Турнир нәтижесінде I-орынды «Ине» фракциясы, II-орынды «Махаббат қызық мол жылдар» фракциясы, III-орынды «Абзал жандар» фракциясы иеленді. Турнирдің «Үздік спикері»  атағын  Аманбек Нұрсултан Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ «Еркін сөз» клубы «Ой ордасы» фракциясының мүшесі жеңіп алды.

Толығырақ

ҚАЕУ Президентімен ұйымдастырылған кездесу

05.10.2016 жылы Қазақстан-Американдық еркін университетінің конференц-залында колледж студенттерімен ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА Академигі Е.А. Мамбетказиев және шетел серіктестері: вице-президент Даниэл Бэлласт, Маршалл Кристенсен – ҚАЕУ қамқорлық қоры ұйымының төрағасы,  «Co-Serve International» президенті , Кэтлин Хайд – ағылшын тілі бойынша білікті оқытушы (АҚШ), Keysight Technologies Inc. компаниясының жетекші инженері (АҚШ) Коннер Маккеймен кездесу өтті. Кездесу барысында оқу орынның студенттер тарапына көрсетілетін білім берудегі ерекшеліктермен, бәсекеге қабілетті маман даярлаудағы жасалып отырған мүмкіндіктер туралы толық ақпарат берілді. Сондай-ақ жастар ұйымының студенттері колледж өміріндегі, өзін-өзі басқару орталықтарының қызметімен, әр түрлі клубтар жұмыстарымен таныстырып өтті. Студенттер арасында өз талантымен, спорттық жетістігімен көзге түскен студенттерге  де […]

Толығырақ

Вероника Маккеймен ұйымдастырылған кездесу туралы

04.10.2016 жылы ағылшын клубының аясында Америка Құрама Штаттары, Колорадо, Денверден келген Вероника Маккеймен   кездесу өтті. 2-3 курс студенттеріне күні бойы Колорадодан келген қонақпен әңгімелесу өте қызық болды.  Вероника тіл меңгерудің қызықты жолдарын ұсынды. Барлық студенттер ағылшын тілін жетік меңгеруге, шығармашылығын, эрудициясын дамытуға көмектесетін және дене белсенділігін дамытуға мүмкіндік беретін әртүрлі ойындарға қатысты. Студенттерге Вероникамен әңгімелесіп, күліп, секіріп, билеп уақыт өткізу өте қызықты болды. Пайдалы және көңілді уақыт өткізгендері үшін қоштасқанда бір-бірлеріне алғыстарын білдірді.

Толығырақ