Келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен!

Шығармашылық тұлғалар Клубының мүшелері мен «Дизайн» мамандығының студенттері ҚАЕУ колледжінің оқытушылары мен студенттерін келе жатқан Жаңа жылдарымен құттықтайды.

Толығырақ

Тәуелсіздік күніне орай — Мемлекеттік марапаттау

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мемлекетіміздің дамуына орасан зор үлес қосқаны үшін ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА-ның Академигі Ережеп Әлхайырұлы Мәмбетқазиев III дәрежелі «Барыс» Орденімен марапатталды. ҚАЕУ колледжінің оқытушыларымен білім алушылары ҚАЕУ Президентін шын жүректен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

Толығырақ

«Ақ Ниет» мектеп интернатының алғашқы мерейтойы

2017 жылдың 14 желтоқсан күні  ШҚО-ның әкімі Д.К.Ахметовтың бастауымен ашылған, «Ақ Ниет» мектеп интернатының алғашқы мерейтойына арналған мерекелік шара өтті. Интернат тәрбиеленушілері қала мектептерінде,колледждерінде білім алуда, ал бос уақыттарында үйірмелер мен секцияларға қатысады. Мерекелік шара барысында көтеріңкі көңіл-күймен,балалар үшін бақытты сәтке толы қызықты күн болды.

Толығырақ

Қазақ тілінің жаңа әліпбиін оқып-үйрену орталығы ашылуы

2017 жылы 14 желтоқсан күні ҚАЕУ колледжінің студенттері А.С. Пушкин атындағы кітапханада өткен қазақ тілінің жаңа әліпбиін оқып-үйрену Орталығын ашу салтанаты рәсімінің куәгері болды. Жаңа әліпбиді оқып-үйрену Орталығы көпшілікке ыңғайлы мекемеде орналасқанын атап өткен жөн. Мұнда кітаптарды, Интернетті ақысыз пайдалануға барлық жағдайлар жасалған, сондай-ақ, түрлі сала мамандары үшін онлайн кеңестер мен сабақтар ұйымдастырылады. Жобаның бас демеушісі – іскер бизнесмен, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты С. В. Коротин.

Толығырақ

Оқу сот процессі бойынша облыстық сайысы

2017 жылдың 28-29 қараша күндері ҚАЕУ колледжінің командасы ШҚО жоғарғы оқу орындары мен орта кәсіптік оқу орындары арасында ұйымдастырылған оқу сот процессі бойынша облыстық сайысына қатысты. Сайыс 2017-2020 жж. мемлекеттік тапсырыс бойынша сот білімі Стратегиясының негізінде «ШҚО жастар құқықтық сауаттылығын көтеру мақсатында ҚР сот алқасының Шығыс Қазақстан филиалы», ардагерлер алқасы, жастар сот алқасы, Шығыс Қазақстан облыстық сотының оқу орталығы колдауымен ұйымдастырылған. Сайыс 2 кезеңнен тұрды: сот процестері және процеске қатысушылардың өз мамандықтары бойынша білім деңгейін қорғай білу қабілеті. Сайыс қорытындысы бойынша ҚАЕУ колледжінің командасы ІІІ орынға ие болып, Кубокпен марапатталды.  

Толығырақ

Тәжірибеден жұмыспен қамтуға дейін

2017 жылдың 24 қарашасында «Бипэк Авто – Азия Авто» холдингі кәсіпорнының ашық есік Күні шеңберінде 2-3 курс білім алушылары экскурсияға барды. Студенттер өндіріс техникасы, технологиясымен және еңбек жағдайларымен танысты. Кәсіпорынға экскурсия танымдылық жағынан пайдалы әрі қызықты болды. Холдинг басшылары кәсіпорынның әр түрлі филиалдарында білім алушыларды тәжірибеден өтуіне үлкен мүмкіндіктер ұсынды.  

Толығырақ

Ынтымақтастық меморандумы

14.11.2017 жылы ҚАЕУ колледжінде Үлбі ауданы, Солтүстік жағалау, ШҚО бойынша Қалалық ҚАЖД мекемесінің пробация қызметі бөлімімен Қазақстан Республикасы Президентінің «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік оңалту 08.12.2016 жылғы № 387 бекітілген, Қазақстан Республикасында 2017-2019 жылғы пробация қызметінің» кешенді стратегиясының негізінде «Құқықтану», «Әлеуметтік қызмет» мамандығының студенттерін еріктілер қатарына қабылдау туралы ынтымақтастық Меморандумы қабылданды.

Толығырақ

Жас пікірсайысшылар жетістігі

2017 жылы 11 – 12 қараша күндері Семей қаласында «Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет қолдауымен  және «Пікір — сайыс клубтары қоғамдық бірлестігі» ұйымдастыруымен  Мұхтар Әуезовтың туғанына 120 жыл толуы аясында «Бастау — 2017» Республикалық жас пікір-сайысшылар турниріне «Алаш ұрпақтары» дебат клубы мүшелері Амантаева Есенгүл, Бекмуханбетова  Мөлдір, Сексенбай Жанерке, Еміл Әли, Сәрсенбаева Жанбота, Мухаметрахимова Дильназ, Әбілмажинова Ақбота, Сейтқазықызы Аяужан, Нұрланбекқызы Марипа, Өмірәлі Абзал, Идаятұлы Кәшап, Иханова Еркежан  қатысып, жақсы ойын өрнегін көрсетіп, 4–орында Өмірәлі Абзал, Амантаева Есенгүл тұрақталды.  

Толығырақ

«Туған өлкенің қасиетті жерлері» атты конференцияға қатысу

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2017 жылдың 13 қарашасында облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өткен «Туған өлкенің қасиетті жерлері» атты ғылыми тәжірибелік конференцияға  ҚАЕУ қолледжінің студенттері қатысты. Конференцияға белсенді қатысқандары үшін Нурлыбекова Диана, Бердхан Аманжол, Аманбаева Айым, Еміл Әли, Әнуарбеков Мәди, Қайназарова Мөлдір, Қаныбекұлы Еламан, Тынышбекова Ақбота, Асқарқызы Жансая сертификаттар ұсынылды. Студенттерді дайындағаны үшін ғылыми жетекшілері Сегизбаева Ж.Б., Макаримов Б.М., Елеусизова А.Р. алғыс хаттармен марапатталды.

Толығырақ

Мүмкіндігі шектелген балаларға қайырымдылық шарасы

ҚАЕУ колледжінің студенттік өзін-өзі басқару комитетінің жастары 2017 жылдың 10 қараша күні «Үлбі» мүгедек балаларды оңалту орталығында мемлекетіміздің «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында қайырымдылық шарасын өткізді. Студенттер алдын ала даярлап қойған сыйлықтарын сыйлап, қызықты ойындармен балаларға көңілді күн ұйымдастыра білді.

Толығырақ