Сайыстар, ойындар, аукцион …

2017 жылдың 20-25 ақпан аралығында  «Экономика, туризм және қызмет көрсету саласы» пәндік-циклдік комиссиясының ғылыми және шығармашылық апталығы аясында колледждің оқытушылары мен студенттері оқу және оқудан тыс әр түрлі іс-шараларға қатысты. Олар — «Білгірлер алаңы», «Рынок» іскерлік ойындары, «Финансы поют романсы, или чем грозит финансовая «темнота» атты пікірталас-сабағы, «Үздік экскурсовод» атты сайыс, «Бренд-страна-столица» ойыны, «Кто хочет стать бухгалтером?» атты интеллектуалды ойын. «Аукцион «КАСУ» іс-шарасы аясында КАСУ логотипті бар тауарлар қойылды, олар колледж студенттерімен алынған купондарға айырбасталды. Іс-шараны өткізу барысында аудиторияда жақсы көңіл-күй орнады. Апталық қорытындысы бойынша студенттер іс-шараны ұйымдастыруға араласқаны үшін және белсенді қатысқандары үшін сертификаттармен марапатталды.

Толығырақ

Заманауи ғылыми зерттеулер: қолданбалы зерттеулерден инновацияға дейін

2017 жылдың 17 ақпан күні «Заманауи ғылыми зерттеулер: қолданбалы зерттеулерден инновацияға дейін» атты колледжішілік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция жеті секциядан тұрды, жалпы колледжден 50 студенттің  ғылыми жұмыстары тыңдалды. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша 20 студенттің еңбегі  бағаланып, «Үздік ғылыми-танымдық жұмыс», «Тақырып өзектілігі» және «Үздік презентация» номинациялары берілді. Іріктеуден өткен ғылыми жұмыстар ҚАЕУ-де 2017 жылдың 30 наурыз — 02 сәуірде өтетін VII Халықаралық жас ғылымдар форумына жіберілді.

Толығырақ

«Жұмыспен қамту орталығының» мамандарымен кездесуі

2017 жылдың 15 ақпан айында колледж түлектері Өскемен қаласының «Жұмыспен қамту орталығының» қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесу барысында «Жұмыспен қамту бағдарламасымен» таныстыру жұмыстары жүргізілді. Бағдарлама жаппай кәсіпкерлікті, жұмыспен қамтамасыз ету 2017-2021 жыл. «Жұмыспен қамту орталығының» мамандары Маулитканова Ж.М., Тлеубердинова А.Д. колледж түлектеріне бағдарламаның барлық мүмкіндіктері жөнінде ақпарат берді. Оларға жастар тәжірибесінен өтіп, соңынан жұмысқа тұра алатындығы ескертіліп айтылды.

Толығырақ

«Мен өмірді сүйемін!» тақырыбындағы семинар-тренинг

2017 жылдың 15 ақпан күні ҚАЕУ колледж студенттер арасында «Мен өмірді сүйемін!» тақырыбында суицидтің алдын алу мақсатында колледж психологі  Баженова Н.К. ұйымдастыруымен семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренингтің әркімнің өз проблемаларын шешу жолдары мен қиыншылықтардың  алдын алу жолдарын үйретті. ҚАЕУ студенттері Богомолова О.В., Сорокина Е.С., Романова Н.О. тренинг барысында колледж студенттеріне психологиялық әдістердің бірі арт-терапияны қолдана отырып, ойындар өткізді.

Толығырақ

«Жайдарман» іріктеу ойыны

Ақпан айының 15-ші жұлдызында Қазақстан-Американдық еркін университетінің колледжінде командалар арасында «Жайдарман» іріктеу ойыны өтті. Барлық қатысушы 4 команда болды, олар өте қызықты ойын көрсетті. Төрешілердің шешімі бойынша 1-орын «КАСУ құрамасы», 2-орын «Көз тимесін», 3-орын «Сека-Life» командаларына берілді. Сонымен қатар, ойыншылар мен командаларға номинациялар берілді. «Көрермен көзайымы» номинациясын «3+1» командасы, «Ең үздік ойыншы» номинациясын «Сека-Life» командасының ойыншысы Алшимбаев Әділ иеленді. «Көз тимесін» командасының капитаны Ақанов Есен де, ойын барысында ерекше көзге түсті.

Толығырақ

Болашақ оқытушыларға арналған тәжірибелік сабақ

2017 жылдың 13 ақпан күні  ағылшын пәнінің оқытушысы Гэри Сопер (Портленд, Орегон, АҚШ) «Бастауыш білім беру» мамандығының студенттеріне тәжірибелік сабақ өткізді. Студенттер бастауыш сыныптарында тәжірибелік еңбек өтілі бар оқытушымен пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды. Гэри Сопер көрнекіліктерді пайдалана отырып, студентерге шетел балалар әдебиетінің жанрларымен таныстырды. Сабақ барысында болашақ бастауыш сыныптарда шет тілін оқытудағы тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруға негізделген сұрақтар қарастырылды.

Толығырақ

Талапкерлер үшін өткізілген ашық есік күні

11.02.2017 жылы ҚАЕУ колледжінде «Ашық есік» күні өтті. Болашақ талапкерлерге  бәсекеге қабілетті мамандық иесі болудағы, оған қол жеткізу үшін оқу орынды дұрыс таңдау аса маңызды екенін ескере отырып,  жеткілікті ақпарат беру мақсатында мектеп оқушыларына арналған шара өткізілді. Шара барысында ҚАЕУ  колледжінің қазіргі таңдағы  сұраныстармен  талаптарға сай барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілгендігі жөнінде деректі фильм көрсетіле отырып, білім алушыларға жан-жақты мәліметтер берілді. Сондай ақ колледждің өзін өзі басқару  комитетінің ұйымдастыруымен колледждің өнерлі, талантты студенттерінің концерттік бағдарламасы ұсынылды. Шара соңында оқушылар қалаулары бойынша тест тапсырмаларын орындап,  жақсы қорытынды көрсеткен балаларға сертификат тапсырылды.

Толығырақ

Шетел студенттер тобымен кездесу

09.02.2017 жылы ҚАЕУ колледжінде «Бастауыш білім беру» және «Аударма ісі»  мамандықтарының білім алушыларымен американдық Нортвест университетінің студенттерімен (Сиэтл, Вашингтон штаты, АҚШ) керемет кездесу өтті. Ақ көңіл, ашық мінезді   американдық студенттері өздерінің туып өскен қалалары жөнінде, білім алып отырған оқу орны туралы қызықты әңгімелер айтып берді. Колледждің студенттері де өз пікірлерін еркін айтып, көзқарастарымен бөлісті, сондай-ақ колледждің белсенді тобы олармен қызықты да, көңілді «Крокодил» ойынына қызығушылықпен қатысты. Колледж студенттері керемет мүмкіндіктер мен тәжірибе алып, уақытты қызықты өткізді.  

Толығырақ

«Маусымашар-2017» атты Республикалық фестиваль

ҚАЕУ колледжінің «Тарбағатай-Los Angeles» КВН командасы ағымдағы жылдың 27 қаңтар айы мен ақпанның 3-не дейін Астана қаласында өткен «Жайдарман» ойындарының Республикалық «Маусымашар-2017» фестиваліне қатысып, әр аймақтан келген 166 команданың ішінен өз өнерлерін көрсетіп, Республикалық бірінші лига сайысына жолдама алып қайтты.

Толығырақ

Ұлттық ойын «Тоғыз құмалақ» сайысы

3 ақпан 2017 жылы ҚАЕУ колледжінің спорт залында  оқытушы К.Т. Толеухановтың ұйымдастыруымен ұлттық ойын «Тоғыз құмалақ» сайысы 1 — 4 курс студенттер арасында өтті. Сайысқа қатысушылар өздерінің математикалық, логикалық ойлау қабілеттерін сайыс барысында пайдалана  білді. Рахимбеков Куандық, Резанов Николай, Серік Жанар, Құмарқанова Алина  сияқты студенттер өте жақсы ойын көрсетті.

Толығырақ