«Final CAP ΙΙ» қалалық пікір-сайысшылар турнирі

14.05.2017 жылы Қазақстан-Американдық еркін университет колледжінде «Final CAP ΙΙ» атты қалалық пікір-сайысшылар турниріне ҚАЕУ колледжі, Өскемен медициналық колледжі, Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылық колледжі, Өскемен политехникалық колледжі С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дан 16 фракция қатысты. Турнир қорытындысы бойынша ҚАЕУ колледжі «Алаш ұрпақтары» интеллектуалды дебат клубы студенттері Марат Нұргүл бірінші орын, Айінкір Бақболсын мен Еміл Әли екінші орын алған, Идаятулы Кашап төртінші орынға тұрақтады. Турнирдің «Үздік спикері»  Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ студенті Манапбай Әділ атанды.

Толығырақ

Облыстық фестиваль «Тәлімгер-Вожатый Fest»

2017 жылдың 12 мамыр күні ҚАЕУ колледжінің студенттері «Тәлімгер Вожатый Fest» облыстық фестиваль сайысына қатысты. «Балалардың және жасөспірімдердің жазғы демалыс кундерін тиімді ұйымдастыру мен сауықтыру» мақсатында  өткен нақты шарада жоғарғы оқу орындары мен  колледждің педагогикалық мамандығы бойынша білім алушылары бақ сынасты. Фестиваль бағдарламасы бойынша сайыс 4 түрлі кезеңнен тұрды, осы талаптар бойынша қатысушылар өздерінің дайындап келген мерекелік шараларынан үзінді көрсетті. Болашақ оқытушылар  фестиваль тақырыбына сай интелектуалдық, шығармашылық қабілеттерімен бірге креативтік көзқараспен командалық бірліктерімен әділқазы алқасының көңілін таба білді.

Толығырақ

«Голос свободы» шешендер сайысы

2017 жылы 12 мамыр күні ҚАЕУ колледж студенттері А.С. Пушкин атындағы кітапханасының конференц-залында жастар арасында өткізілген «Голос свободы» шешендер сайысына қатысты. Сайыс республикалық мәдени жобаның «Үштілділік тұғырлылық» негізінде және «Алаш» қозғалысының 100 жылдығы шеңберінде өткен «Одна страна — одна книга» атты акциямен көркемделді. Біздің  сайыскерлер Бақаева Ботагөз, Адилбекова Айсулу, Омарова  Асыл, Тулегенова Улжан  өз мүмкіндіктерімен таланттарын көрсетіп қана қоймай, сөйлеу мәнерінің, тіл шеберлігінің жаңа бағыттарынан сабақ ала білді, сондай-ақ нақты шараға қатысқаны үшін сертификат иегерлері атанды. Колледж оқытушылары Таскимбаева Роза Капановна және Нұғыманова Гауһар Ержанқызы сайыскерлердің шараға үздік дайындығы үшін алғыс хаттарымен марапатталды.

Толығырақ

Мәңгілік алауға қойылған гүлдер

Ұлы Жеңістің 72 жылдық мерейтойына орай 9 мамыр күні Даңқ алаңында дәстүрлі Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Гүл шоқтарын қою рәсімі Өскемен қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен жүзеге асты. Салтанатты шара сағат 9:00-де басталды. Шара барысында қазіргі бейбіт өмір үшін жанын берген ардагерлер еске алынып, солардың құрметі үшін бір минут үнсіздік жарияланды.

Толығырақ

Акция «Көше мерекесі»

5 мамыр 2017 жылы ҚАЕУ колледжінің  студенттері Шығыс Қазақстан облысының халық Ассамблеясының ұйымдастыруымен, Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне 72 жыл толу мерейтойына орай өткен «Көше мерекесі» акциясына қатысты. Студенттер және оқытушылар Попов көшесі бойынша санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізіп, заңсыз төгілген қоқыс-қалдықтарын жинастырды.  

Толығырақ

Отан қорғаушылар күніне арналған спорттық жарысы

05.05.2016 жылы ҚАЕУ колледж оқытушылары арасында Отан қорғаушылар күніне арналған спорттық жарысы өткізілді. Жарысқа «Болашақ» және «Дружба» атты 2 команда қатысты. Жарыс бағдарламасына «Эстафеталық таяқшамен жүгіру», «Корзина», «Скакалка және теннис ракеткасымен жүгіру», «Ең мерген ойыншы» және де басқа әр түрлі ойындар енгізілді. Жарыс қатысушылары және жанкүйерлер позитивті энергия мен жақсы көңіл-күй алды.

Толығырақ

Сайыс-саптық шеру

04.05.2017 жылы ҚАЕУ колледжінде Ұлы Отан соғысының 72 жылдығына және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері құрылғанының 25 жылдығына арналған сайыс-саптық шеру өтті. Cайыстың бағдарламасында көрсетілгені: Взвод бойынша салтанатты маршпен жүріп өту. Взводтың сапта ән орындау қабілеті. Қарусыз сапта іс-қимылдар жасау. Взвод командирлер сайысы. Саптық шеру байқауына 1 курс студенттері қатысты. Сайыс барысында 9 взводтың барлық қатысушылары эмоционалдық тұрақтылықпен әрбір сыннан өтіп, автоматты шашып, жинауда жылдамдықпен, тапқылық тұрғысынан  өздерін жақсы жағынан көрсетті. Жүлделі орындар төмендегідей болды: І орын – 16НО-к1 тобының взводы, ІІ орын – 16СО-к1 тобының взводы, ІІІ орын – 1П-к1 тобының взводы. Командирлер арасында оза шыққан 16ПД-р3 тобының студенті Шарыпов […]

Толығырақ