Әлеуметтік серіктестермен кездесу

2017 жылы 31-қазан күні Қазақстан-Американдық еркін университеті колледжінің «Қаржы» мамандығының білім алушылары «1С-Рейтинг» компаниясының өкілдерімен кездесті. Компания менеджері біздің студенттердің барлық сурақтарына жауап бере отырып, аталған компанияда жұмысқа орналасу мақсатында іс-тәжірибеден өтуге болатын мүмкіндіктер жайында сөз қозғады.

Толығырақ

«XX ғ. 30-40 жылдарында Қазақстанда латын қарпінде жарық көрген басылымдардан» ретро-көрме

2017 жылы 26 қазан күні «Негізгі орта білім беру» мамандығының студенттері А.С. Пушкин атындағы кітапханада Семей қаласындағы Абай атындағы кітапхананың сирек қорында сақталған өткен ғасырда латын қарпінде басылып шыққан газет-журналдар көрмесіне барып қайтты. Көрмеде латын қарпіндегі Абайдың «Қара сөздері», С. Мұқанов, Б. Майлин, С. Сейфуллин, Ж. Жабаев, Н. Гогольдің шығармалары, «Лениншіл жас», «Екпінді Алтай», «Түрксіб» газеттері, «Әдебиет майданы», «Комсомол пропагандисі» журналдары, сондай-ақ, татар тіліндегі кітаптар ұсынылған. Абай атындағы кітапхананың мамандары көрмеде ұсынылған әдебиеттерге шолу жасап, бөлісті. Болашақ мұғалімдер кітаптардың тарихы, олардың қолданылуы және сақталуы туралы пайдалы ақпараттармен таныс болды.  

Толығырақ

Мәңгілікпен танысу

2017 жылы қазанның 21-інде ҚАЕУ колледжінің  оқытушылары Б.М. Макаримов және В.А. Ким жетекшілігімен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын негізге ала отырып, Ақбауыр тарихи ескерткішіне саяхат жасап қайтты. «Негізгі орта білім беру» мамандығының студенттеріне Бакытжан Маратович  тарихи ескеркіштер орналасқан жерде тасқа салынған суреттердің түрлерін жай ғана көрсетіп қоймай, олардың пайда болу туралы тарихи деректермен терең таныстырды. Студенттерге ескерткішке көп тамаша суреттер мен естелік ретінде ұзақ жылдарға қалатын жақсы әсер қалды.

Толығырақ

Облыстық «My PRO» мамандықтар фестивалі

«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру аясында жастар арасында жұмысшы мамандықтарын насихаттау мақсатында  ағымдағы жылдың 16-18 қазан аралығында 7-11-сынып оқушыларына арналған «My PRO» мамандықтар фестивалі өтті. Арнайы алаңдарда қатысушылар Шығыс Қазақстан облыс колледждерінің ең үздік маман иелерімен танысып, өздерін «Құрылыс жұмыстарының шебері», «Мұғалім», «Омарташы», «Дәнекерлеуші», «Парикмахер-модельер», «Медбике», «Техник-электрик», «Аспазшы», «Тракторист-машинист», «Туризм», «Экономика», «Көлік», «Әртіс» және тағы басқа мамандарының орнында көре алды. ҚАЕУ колледжінің студенттері «Туризм» мамандығының біздің өңірде танымал мамандықтарының бірі екенін көрсете отырып, оқушыларды қызықтыра алды.

Толығырақ

Практиканттар жәрмеңкесі

2017 жылы 16 қазан күні ҚАЕУ колледж студенттері жұмыс берушілердің қатысуымен өткен «Іс-тәжірибеден өтушілердің жәрмеңкесінде» болып қайтты. Іс-тәжірибе базаларымен қамтамасыз ету бойынша келесі кәсіпорындармен келісім шарт жасалынды: «Аударма ісі» мамандығы бойынша білім алып жүрген студенттеріне — «BEST» тіл үйрету орталығы, «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттері үшін — «1С-Рейтинг» ЖШС, «Тамақтануды ұйымдастыру» мамандығы бойынша білім алып жүрген студенттеріне — «Пицца-Блюз» ЖШС фирмасы.

Толығырақ

Әлеуметтік серіктестермен өзара ынтымақтастық

2017 жылы 12 қазан күні ҚАЕУ колледжінде «Бастауыш білім беру» мамандығының 3-4 курс студенттерімен «Балалар университеті» білім жобасының басшысы А. В. Ахаевпен кездесу өтті. Жобаның мақсаты балаларды ғылымға жақындату, олардың әлемді тануға қызығушылығын арттыру болды. Кездесу барысында болашақ муғалімдер өздерінің кәсіби қызығушылығын танытып, берілген пайдалы ақпараттар үшін өз алғыстарын білдірді. 

Толығырақ

Ұлылар еліне саяхат

11.10.2017 жылы «Негізгі орта білім» мамандығының студенттері ҚАЕУ колледжінің оқытушылары Н.Н. Самарханова, К.К. Сеилханова және Б.М. Макаримовтың жетекшілігімен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын негізге ала отырып Абай еліне саяхат жасап қайтты. Саяхаттың мақсаты болашақ мұғалімдерге ұлылардың ұлы мұрасын таныту, қоршаған әлеммен таныстыра отырып рухани толығу болды. Саяхат барысында Абай елінің киелі жерлеріне барып, ұлыларға тағзым етілді. Абай атамыздың шежіресімен, Шәкәрім Құдайбердіұлы мен Мұхтар Әуезовтың өмірімен терең танысып, көп дүниені көзбен көріп, үлкен ой түйіп қайтты. Ұлылар еліне жасалған бұл саяхаттың студенттерге берері өте мол. Болашақ мұғалім мамандығының студенттері пайдалы мағлұматтар мен алған әсерлері үшін ризашылықтарын білдірді.

Толығырақ

ШҚО-да Жастар мәслихатының құрамын анықтады

2017 жылдың 29 қыркүйегінде    Жастар мәслихатының депутаттығына үміткерлеріне дауыс беру өтті. ШҚО бойынша 384 Жастар мәслихатының депутаттары іріктелді: 113 үміткер — қалалық жергілікті мекеннен, ал 271 — аудандық жергілікті мекеннен . Жастар мәслихаты жастар мәселесіне қатысты өзекті сұрақтарды көтере отырып , оның шешімін табуды қалалық және аудандық басқару биліктеріне қарастыруға айқын деректерді ұсынуды жүзеге асырады. Үміткерлер арасынан көп дауыс жинап, депутаттық куәлігіне ие болған ҚАЕУ колледжінің студенттері Халилов Равиль, Токтажанова Нургуль мен Жотабаева Зұлфияның жеңістері ерекше қуантатын жәй.

Толығырақ