Ұлылар еліне саяхат

11.10.2017 жылы «Негізгі орта білім» мамандығының студенттері ҚАЕУ колледжінің оқытушылары Н.Н. Самарханова, К.К. Сеилханова және Б.М. Макаримовтың жетекшілігімен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын негізге ала отырып Абай еліне саяхат жасап қайтты. Саяхаттың мақсаты болашақ мұғалімдерге ұлылардың ұлы мұрасын таныту, қоршаған әлеммен таныстыра отырып рухани толығу болды. Саяхат барысында Абай елінің киелі жерлеріне барып, ұлыларға тағзым етілді. Абай атамыздың шежіресімен, Шәкәрім Құдайбердіұлы мен Мұхтар Әуезовтың өмірімен терең танысып, көп дүниені көзбен көріп, үлкен ой түйіп қайтты. Ұлылар еліне жасалған бұл саяхаттың студенттерге берері өте мол. Болашақ мұғалім мамандығының студенттері пайдалы мағлұматтар мен алған әсерлері үшін ризашылықтарын білдірді.

Толығырақ

ШҚО-да Жастар мәслихатының құрамын анықтады

2017 жылдың 29 қыркүйегінде    Жастар мәслихатының депутаттығына үміткерлеріне дауыс беру өтті. ШҚО бойынша 384 Жастар мәслихатының депутаттары іріктелді: 113 үміткер — қалалық жергілікті мекеннен, ал 271 — аудандық жергілікті мекеннен . Жастар мәслихаты жастар мәселесіне қатысты өзекті сұрақтарды көтере отырып , оның шешімін табуды қалалық және аудандық басқару биліктеріне қарастыруға айқын деректерді ұсынуды жүзеге асырады. Үміткерлер арасынан көп дауыс жинап, депутаттық куәлігіне ие болған ҚАЕУ колледжінің студенттері Халилов Равиль, Токтажанова Нургуль мен Жотабаева Зұлфияның жеңістері ерекше қуантатын жәй.

Толығырақ