Оқу сот процессі бойынша облыстық сайысы

2017 жылдың 28-29 қараша күндері ҚАЕУ колледжінің командасы ШҚО жоғарғы оқу орындары мен орта кәсіптік оқу орындары арасында ұйымдастырылған оқу сот процессі бойынша облыстық сайысына қатысты. Сайыс 2017-2020 жж. мемлекеттік тапсырыс бойынша сот білімі Стратегиясының негізінде «ШҚО жастар құқықтық сауаттылығын көтеру мақсатында ҚР сот алқасының Шығыс Қазақстан филиалы», ардагерлер алқасы, жастар сот алқасы, Шығыс Қазақстан облыстық сотының оқу орталығы колдауымен ұйымдастырылған. Сайыс 2 кезеңнен тұрды: сот процестері және процеске қатысушылардың өз мамандықтары бойынша білім деңгейін қорғай білу қабілеті. Сайыс қорытындысы бойынша ҚАЕУ колледжінің командасы ІІІ орынға ие болып, Кубокпен марапатталды.  

Толығырақ

Тәжірибеден жұмыспен қамтуға дейін

2017 жылдың 24 қарашасында «Бипэк Авто – Азия Авто» холдингі кәсіпорнының ашық есік Күні шеңберінде 2-3 курс білім алушылары экскурсияға барды. Студенттер өндіріс техникасы, технологиясымен және еңбек жағдайларымен танысты. Кәсіпорынға экскурсия танымдылық жағынан пайдалы әрі қызықты болды. Холдинг басшылары кәсіпорынның әр түрлі филиалдарында білім алушыларды тәжірибеден өтуіне үлкен мүмкіндіктер ұсынды.  

Толығырақ

Ынтымақтастық меморандумы

14.11.2017 жылы ҚАЕУ колледжінде Үлбі ауданы, Солтүстік жағалау, ШҚО бойынша Қалалық ҚАЖД мекемесінің пробация қызметі бөлімімен Қазақстан Республикасы Президентінің «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік оңалту 08.12.2016 жылғы № 387 бекітілген, Қазақстан Республикасында 2017-2019 жылғы пробация қызметінің» кешенді стратегиясының негізінде «Құқықтану», «Әлеуметтік қызмет» мамандығының студенттерін еріктілер қатарына қабылдау туралы ынтымақтастық Меморандумы қабылданды.

Толығырақ

Жас пікірсайысшылар жетістігі

2017 жылы 11 – 12 қараша күндері Семей қаласында «Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет қолдауымен  және «Пікір — сайыс клубтары қоғамдық бірлестігі» ұйымдастыруымен  Мұхтар Әуезовтың туғанына 120 жыл толуы аясында «Бастау — 2017» Республикалық жас пікір-сайысшылар турниріне «Алаш ұрпақтары» дебат клубы мүшелері Амантаева Есенгүл, Бекмуханбетова  Мөлдір, Сексенбай Жанерке, Еміл Әли, Сәрсенбаева Жанбота, Мухаметрахимова Дильназ, Әбілмажинова Ақбота, Сейтқазықызы Аяужан, Нұрланбекқызы Марипа, Өмірәлі Абзал, Идаятұлы Кәшап, Иханова Еркежан  қатысып, жақсы ойын өрнегін көрсетіп, 4–орында Өмірәлі Абзал, Амантаева Есенгүл тұрақталды.  

Толығырақ

«Туған өлкенің қасиетті жерлері» атты конференцияға қатысу

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2017 жылдың 13 қарашасында облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өткен «Туған өлкенің қасиетті жерлері» атты ғылыми тәжірибелік конференцияға  ҚАЕУ қолледжінің студенттері қатысты. Конференцияға белсенді қатысқандары үшін Нурлыбекова Диана, Бердхан Аманжол, Аманбаева Айым, Еміл Әли, Әнуарбеков Мәди, Қайназарова Мөлдір, Қаныбекұлы Еламан, Тынышбекова Ақбота, Асқарқызы Жансая сертификаттар ұсынылды. Студенттерді дайындағаны үшін ғылыми жетекшілері Сегизбаева Ж.Б., Макаримов Б.М., Елеусизова А.Р. алғыс хаттармен марапатталды.

Толығырақ

Мүмкіндігі шектелген балаларға қайырымдылық шарасы

ҚАЕУ колледжінің студенттік өзін-өзі басқару комитетінің жастары 2017 жылдың 10 қараша күні «Үлбі» мүгедек балаларды оңалту орталығында мемлекетіміздің «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында қайырымдылық шарасын өткізді. Студенттер алдын ала даярлап қойған сыйлықтарын сыйлап, қызықты ойындармен балаларға көңілді күн ұйымдастыра білді.

Толығырақ

«Компьютерлік графика» пәні бойынша тәжірибелік сабақтар

7 қарашада 2017 жылы «Бастауыш білім беру» мамандығы студенттер үшін А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапханасының  шығармашылық шеберханасында «Компьютерлік графика» пәні бойынша  тәжірибелік сабақтар өткізілді. Болашақ информатика мұғалімдері MakerSpace базасындағы PhotoShop бағдарламасы мен Delphi ортасында бағдарламалаумен танысып, жұмыс жасауды үйренді.

Толығырақ

Борис Щербаковтың «Жидебайдың жұлдызды даласы» кітабының тұсаукесері

2017 жылы 3 қараша күні А.С. Пушкин атындағы кітапханада «Жидебайдың жұлдызды даласы» – «Звёздная степь Жидебая» атты кітабының презентациясы өтті. Кітабындағы Жидебай елі мен жерінің қасиетін, тарихын, Қазақстанды бүкіл әлемге танытқан әйгілі адамдары туралы ҚАЕУ колледжінің «Негізгі орта білім беру» мамандығының студенттеріне автор өзі жеткізе алды. Жидебайдың көрікті табиғаты, ұлы ақын туып-өскен мекеннің киелі орындары ерекше суреттелген. Кітаптың әр бөлімі Жидебай туралы қызықты мағлұматтар беріп, оқырманды осы қасиетті мекенге жақындата түседі.

Толығырақ

Студенттер қатарына қабылдау

2017 жылдың қараша айының 3-інші  жұлдызында ҚАЕУ колледжінің акт залында бірінші курс білім алушыларын студенттер қатарына қабылдау шарасы өтті. Колледж әкімшілігінің мүшелері   құттықтау сөз сөйледі. Концерттік бағдарлама барысында  студенттік өмірдің қызықты да, ащы сәттерін  колледж студенттер кеңесі мүшелері  көңілді әзілмен көрсетті.  

Толығырақ

Талапкерлер үшін өткізілген ашық есік күні

3.10.2017 жылы ҚАЕУ колледжінде КММ «№ 3 Жаңа-Бұхтарма орта мектебінің» оқушыларына «Ашық есік» күні өтті. Болашақ талапкерлерге  бәсекеге қабілетті мамандық иесі болудағы, оған қол жеткізу үшін оқу орынды дұрыс таңдау аса маңызды екенін ескере отырып,  жеткілікті ақпарат беру мақсатында мектеп оқушыларына арналған шара өткізілді. Шара барысында ҚАЕУ  колледжінің қазіргі таңдағы  сұраныстармен  талаптарға сай барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілгендігі жөнінде деректі фильм көрсетіле отырып, білім алушыларға жан-жақты мәліметтер берілді. Сондай-ақ колледждің өзін өзі басқару  комитетінің ұйымдастыруымен колледждің өнерлі, талантты студенттерінің концерттік бағдарламасы ұсынылды.  

Толығырақ