Келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен!

Шығармашылық тұлғалар Клубының мүшелері мен «Дизайн» мамандығының студенттері ҚАЕУ колледжінің оқытушылары мен студенттерін келе жатқан Жаңа жылдарымен құттықтайды.

Толығырақ

Тәуелсіздік күніне орай — Мемлекеттік марапаттау

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мемлекетіміздің дамуына орасан зор үлес қосқаны үшін ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА-ның Академигі Ережеп Әлхайырұлы Мәмбетқазиев III дәрежелі «Барыс» Орденімен марапатталды. ҚАЕУ колледжінің оқытушыларымен білім алушылары ҚАЕУ Президентін шын жүректен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

Толығырақ

«Ақ Ниет» мектеп интернатының алғашқы мерейтойы

2017 жылдың 14 желтоқсан күні  ШҚО-ның әкімі Д.К.Ахметовтың бастауымен ашылған, «Ақ Ниет» мектеп интернатының алғашқы мерейтойына арналған мерекелік шара өтті. Интернат тәрбиеленушілері қала мектептерінде,колледждерінде білім алуда, ал бос уақыттарында үйірмелер мен секцияларға қатысады. Мерекелік шара барысында көтеріңкі көңіл-күймен,балалар үшін бақытты сәтке толы қызықты күн болды.

Толығырақ

Қазақ тілінің жаңа әліпбиін оқып-үйрену орталығы ашылуы

2017 жылы 14 желтоқсан күні ҚАЕУ колледжінің студенттері А.С. Пушкин атындағы кітапханада өткен қазақ тілінің жаңа әліпбиін оқып-үйрену Орталығын ашу салтанаты рәсімінің куәгері болды. Жаңа әліпбиді оқып-үйрену Орталығы көпшілікке ыңғайлы мекемеде орналасқанын атап өткен жөн. Мұнда кітаптарды, Интернетті ақысыз пайдалануға барлық жағдайлар жасалған, сондай-ақ, түрлі сала мамандары үшін онлайн кеңестер мен сабақтар ұйымдастырылады. Жобаның бас демеушісі – іскер бизнесмен, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты С. В. Коротин.

Толығырақ