«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

2018 жылдың 31 қаңтар айында Орталық қалалық кітапханада Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы Дәурен Бидахметұлы Сәрсембаевпен кездесу өтті. Шараға Қазақстан-Американдық еркін университеті колледжінің «Құқықтану» мамандығы бойынша оқитын студенттер қатысты. Сұхбат түрінде өткен іс-шарада жастар белсенділік танытып, сот орындаушыларының атқарушылық іс жүргізуіндегі реформалар туралы, істерді мемлекет тарапынан жеке орындаушыға берудің жағымды және жағымсыз тұстары туралы маңызды мәселелерді арқау еткен сұрақтар қойды. Кездесуге қатысқан жеке сот орындаушылар палатасының басқа да мамандары қатысушылардың сұрақтарына жауап жауап қайтарды. Шара соңында студенттер ШҚО бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасында іс-тәжірибеден өтуге ниет білдірді.

Толығырақ

Әлеуметтік серіктестік – білім сапасын жоғарылату ресурсы

Практика жағдайында алған білім мен дағдыны, кәсібилік пен шеберлікті жетілдіру мен бекіту – студентерді оқытудағы негізгі міндеттердің бірі. ҚАЕУ колледжінің әлеуметтік серіктестермен өзара тиімді қалыптасқан байланысы студенттердің тәжірибеден өтуіне көмектеседі. Мәселен, «А.С. Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапхана», Өскемен қаласы әкімшілігінің «Жас техник станциясы» МКҚК, ШҚО сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражайы, «Тұқым» ЖШС, «АТФбанкі» АҚ студенттерге келешекте жұмысқа орналасуға да жағдай жасайды.

Толығырақ