«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

2018 жылдың 31 қаңтар айында Орталық қалалық кітапханада Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы Дәурен Бидахметұлы Сәрсембаевпен кездесу өтті. Шараға Қазақстан-Американдық еркін университеті колледжінің «Құқықтану» мамандығы бойынша оқитын студенттер қатысты. Сұхбат түрінде өткен іс-шарада жастар белсенділік танытып, сот орындаушыларының атқарушылық іс жүргізуіндегі реформалар туралы, істерді мемлекет тарапынан жеке орындаушыға берудің жағымды және жағымсыз тұстары туралы маңызды мәселелерді арқау еткен сұрақтар қойды. Кездесуге қатысқан жеке сот орындаушылар палатасының басқа да мамандары қатысушылардың сұрақтарына жауап жауап қайтарды. Шара соңында студенттер ШҚО бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасында іс-тәжірибеден өтуге ниет білдірді.

Толығырақ