«Болашақ заңгер» атты облыстық конкурс

2018 жылдың 28 ақпан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Білікті маман» жобасының жүзеге асыру шеңберінде ШҚО әкімі аппаратының  «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының» КММ қолдауымен   ШҚО бойынша КжТББ жүйесіндегі оқу орындарының білім алушылары арасында «Болашақ Заңгер» атты облыстық конкурс өтті. Конкурсқа облыстың 4 колледжінің білім алушылары  қатысты. Облыстық конкурс үш кезеңнен тұрып, мемлекеттік және орыс тілдерінде өтті, қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей болды: Жүлделі орындар Студенттің аты- жөні Оқу орнының атауы Бас жүлде Хайбуллина    Дина «Innovation college» мекемесі І орын Марат Нұргүл Қазақстан-Американдық еркін университетінің колледжі ІІ орын Кыстаубаева Асель С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Жоғары колледж ІІІ орын Максимова […]

Толығырақ

CLIL технологиясы элементтерін қолдану арқылы өткен сабақ

2018 жылдың 28 ақпан күні ШҚО бойынша ТиПО жүйесіндегі оқу орындарының білім алушылары арасында «Болашақ Заңгер» атты облыстық конкурс шеңберінде CLIL технологиясымен кіріктірілген ағылшын тілі  элементтерін қолдану арқылы «Конституциялық құқық» пәні  бойынша сабақ өткізілді. Арнайы пәндер оқытушысы М.К. Мухаметкалиева сабақтың барлық кезеңдерінде 2 тілді оптималды түрде қолданғанын көрсете білді.

Толығырақ

Заманауи ғылыми зерттеулер: қолданбалы зерттеулерден инновацияға дейін

2018 жылдың 22 ақпан күні «Заманауи ғылыми зерттеулер: қолданбалы зерттеулерден инновацияға дейін» атты колледжішілік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция 4 секциядан тұрды, жалпы колледжден 34 студенттің  ғылыми жұмыстары тыңдалды. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша 16 студенттің еңбегі  бағаланып, «Ең үздік ғылыми-зерттеу жұмысы», «Тақырып өзектілігі» және «Ең үздік презентация» номинациялары берілді. Іріктеуден өткен ғылыми жұмыстар ҚАЕУ-де 2018 жылдың 26 – 29 наурыз өтетін VIII Халықаралық жас ғалымдар форумына жіберілді.

Толығырақ

Астана қаласына — 20 жыл

2018 жылдың 21 ақпан күні ҚАЕУ колледжінің студенттері А.С.Пушкин атындағы Шығыс-Қазақстан облыстық кітапханасының мәжіліс залында өткен Астана қаласының 20 жылдығына арналған салтанатты кездесуіне қатысты. Мерекелік танымдық бағдарламаның қонақтары астананың құрылу кезеңдерін еске алып, пікір бөлісті. Соның ішінде: Астананың 20 көрікті орны, әлемдік деңгейдегі Астана тарихының 20 оқиғасы, белгілі адамдардың Астана туралы 20 цитатасын оқу, 20 қызықты дерек білу … .

Толығырақ

«БИПЭК АВТО»-ның күні

 2018 жылдың 20 ақпан күні ҚАЕУ колледжінің бітіруші түлектері. «Болашаққа БИПЕК-пен бірге «Карьерный квест» атты викториналар мен тренингтерден тұратын «Іскерлік істер» зияткерлік ойыны, «Тиімді жұмыспен қамту» шеберлік сабағы, «Мықтыларға қарсылық» викторинасы, Мен басшымын. Көшбасшылық қабілетін дамыту» HR–тренингі, «Instagram жетістіктері» SMM–презентация шараларына қатысты. «Бипэк-Жанарту» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Қаржы», «Менеджмент», «Туризм» мамандықтарының 7 білім алушысына болашақта жұмысқа орналасу мақсатында іс-тәжірибеден ату мүмкіндігі берілді. Байқау нәтижесінде жеңімпаздарға мадақтамалар мен сыйлықтар табыс етілді.

Толығырақ

«Аршын мал алан» қойылымының тұсаукесері

2018 жылдың 16 ақпаны күні ҚАЕУ колледжінің студенттері Шығыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры У. Гаджибековтың «Аршын мал алан» қойылымы тұсаукесерінің көрермендері болды.

Толығырақ

«Жаңартылған білім беру мазмұны аясында болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін және бәсекеге қабілеттілігін дамыту» тақырыбындағы облыстық семинар-практикумы

2018 жылдың 15 ақпан күні «Шығыс-Қазақстан гуманитарлық колледж»  КМҚК базасында өткен «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін және бәсекеге қабілеттілігін дамыту» тақырыбындағы облыстық семинар-практикумына ҚАЕУ колледжінің жалпы білім беретін және жалпы гуманитарлық пәндер оқытушылары қатысты. Семинар-практикумның мақсаты мен міндеті: оқытушыларға жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқу процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша ақпарат беру, педагогикалық тәжірбиені жетілдіру, педагогтардың практикалық дағдыларын және кәсіби құзыреттіліктерін арттыру.

Толығырақ

Республикалық «TECHNO CUP ΙΙΙ» пікір-сайыс турнирі

2018 жылдың  9-13 ақпан күндері Алматы қаласы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде «Рухани жаңғыру – жаһандық бәсеке негізі» атты Ректор кубогына арналған Республикалық «TECHNO CUP ΙΙΙ» пікір-сайыс турниріне Қазақстан-Американдық еркін университеті және Қазақстан-Американдық еркін университеті колледжі мен Экономика және қаржы колледжі студенттері қатысты. Аталған турнирде студенттер жақсы ойын өрнегін көрсетіп, оқу орны беделін республикалық оқу орныдары арасында асқақтатып Алғыс хат пен қатысу сертификаттарымен марапатталды.

Толығырақ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдау мақсатында би флешмоб

2018 жылдың 12 ақпан күні ҚАЕУ колледжінің жастары, XXI ғасыр ұрпағы бола отырып, тәуелсіз, егеменді, демократиялық мемлекетіміздің тарихына және болашағына өз  құрметін білдіре отырып, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдау мақсатында би флешмобын өткізді.

Толығырақ

Құқықтық лекторий Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауын талқылау өтті

2018 жылдың 9-10 ақпан күндері ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын талқылау бойынша   құқықтық лекторий жиналысы болды. Колледж оқытушылары Амангелдина С.А. және Макаримов Б.М. білім алушыларға мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген он бағыттың әрбірінде көрсетілген міндеттерді іске асырудың маңыздылығымен  таныстырып өтті.  

Толығырақ