«Туризм және Мен» атты облыстық конкурсы

ҚАЕУ колледжінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың мамыр айының 25-і күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасын  іске  асыру аясында «Білікті маман» жобасы шеңберінде ТжКББ жүйесіндегі оқу орындарының «Туризм» мамандығы бойынша білім алушылары арасында «Туризм және Мен» атты облыстық конкурсы өтті. Бұл конкурсқа 5ес оқу орнының командасы белсенділікпен қатысты. Конкурс барысы 14 кезеңнен тұрды, әр команда өз мамандығы бойынша алған теориялық білімдерін, тәжірибелік шеберліктерін жан-жақты көрсете білді. Әділқазының бағалау қорытындысы бойынша, ҚАЕУ колледжінің «Самрұқ» командасы өзге командалардан шапшаңдылықпен ерекшеленіп, бас жүлдені жеңіп алды.

Толығырақ

«Тәлімгер-Вожатый fest» атты облыстық фестиваль

2018 жылдың 17 мамыр күні ҚАЕУ колледжінің студенттері «Тәлімгер Вожатый fest» облыстық фестиваль сайысына қатысты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясындағы өткен шарада жоғарғы оқу орындары мен  колледждің педагогикалық мамандығы бойынша білім алушылары бақ сынасты. Фестиваль бағдарламасы бойынша сайыс 4 түрлі кезеңнен тұрды: педагогикалық жасақтардың визиттік карточкасы, үй тапсырмасы,  зияткерлік-шығармашылық квест,  флешмоб. Болашақ оқытушылар  фестиваль тақырыбына сай интелектуалдық, шығармашылық қабілеттерімен бірге асқақ таланттарымен көріне білді.

Толығырақ

Ұлы Жеңіс күні

Ұлы Жеңістің 73 жылдық мерейтойына орай 2018 жылдың 9 мамыр күні ҚАЕУ колледж оқытушылары Мәңгілік Алауға гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.  

Толығырақ