«Тарих – ғасырлар куәсі» атты тарихи көріністер сайысы

2018 жылдың 13 желтоқсан күні ҚАЕУ колледжінде 1-2 курс топтары арасында Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздік күніне  арналған «Тарих – ғасырлар куәсі» атты   тарихи көріністер сайысы өтті. Іс-шараның  мақсаты: жас ұрпақты Отанды сүюге, еліміздің Рәміздерін қастерлеуге,  туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін ояту және актерлік шеберлікті қалыптастыру.  Сайыста қазақ халқының тарихындағы елеулі оқиғаларынан үзінділер көрсетілді: «Қазақ хандығының құрылуы», «Қасым ханның таққа отырылуы», «Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама оқиғасы», «Ұлы Отан соғысы кезеңі», «Қазақтың батыр қызы – Әлия Молдағулова», «Тың және тыңайған жерлерді игеру саясаты», «Желтоқсан желі ызғарлы», «Қайрат Рысқұлбековтың тергеу ісі». Сайыс ұйымдастырушылары: Сегизбаева Ж.Б., Колдаева А.А.

Толығырақ

«HK «Kazakh Tourism» АҚ өкілдерімен кездесу

2018 жылдың 12 желтоқсан күні ҚАЕУ колледжі «Туризм» мамандығының студенттері білім беру басқармасымен С. Аманжолов атындағы ШҚМУ университеті бірігіп ұйымдастырылған  Шығыс Қазақстан облысындағы туризмді даму мәселелері бойынша «HK «Kazakh Tourism» АҚ өкілдерімен кездесті.

Толығырақ

«Тәуелсіздік қарлығаштары» атты көрмесі

2018 жылы 7 желтоқсан күні Шығыс Қазақстан тарихи-өлкетану мұражайында 1986 жылғы Алматыдағы әйгілі Желтоқсан оқиғасына байланысты «Тәуелсіздік қарлығаштары» атты еске алу іс-шарасы өткізілді. «Желтоқсанның мұзға жаққан алауы» атты көрме бойынша экскурсия жүргізіліп, ҚАЕУ колледжінің студенттері дайындаған баяндамалары тындалды. Іс-шара соңында «Желтоқсан 1986 жыл» атты деректі фильм көрсетіліп,  колледж оқытушылары Елеусизова А.Р., Сегизбаева Ж.Б. және белсенді қатысқан студенттерге алғыс хаттар берілді.

Толығырақ