Волейболдан ашық облыстық турнир

ҚАЕУ колледжінің білім алушылары С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректорының жүлдесі үшін ШҚО колледждері білім алушыларының ұлдар және қыздар командалары арасында волейболдан ашық облыстық турнирге қатысты. Турнир 23 — 26 сәуір күндері аралығында FIVB халықаралық ережесі бойынша өтті. Қыздар командалары арасында ҚАЕУ колледжінің қыздар командасы жүлделі ІІІ-орынға ие болып, Диплом және 10 мың теңге сомасына сертификатпен марапатталды.

Толығырақ

Ағылшын тілінен облыстық олимпиада қорытындысы

25.04.2018 жылы ҚАЕУ колледжінде ағылшын тілінен «English: See Into The Future»  тақырыбында 1-курс білім алушылары арасында облыстық олимпиада өтті. Олимпиадаға  облыстың 12 колледжінен  білім алушылар қатысты.    ҚАЕУ колледжінен 8 студент сайыстан тыс қатысты. Облыстық олимпиада екі турдан тұрды: 1 тур — Listening, Reading, Grammar; 2 тур — Speaking. Облыстық олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей болды:  Жүлделі орындар Студенттің аты- жөні Оқу орнының атауы І орын Сериков Айдос Геологиялық барлау колледжі, Семей қаласы ІІ орын Канафин Арыстан «Innovative College» мекемесі, Семей қаласы ІІІ орын Наак Рихарт Өскемен медициналық колледжі Облыстық олимпиада шеңберінде оқытушыларға «Aspects of Teaching English for Specific Purposes» […]

Толығырақ

CLIL технологиясы элементтерін қолдану арқылы өткен сабақ

2018 жылдың 11 сәуір күні CLIL технологиясымен кіріктірілген ағылшын тілі  элементтерін қолдану арқылы «Биология» пәні  бойынша сабақ жоғары санатты оқытушысы О.А. Ильясова ашық сабақ өткізді. Оқытушы сабақтың барлық кезеңдерінде 2 тілді оптималды түрде қолданғанын көрсете білді.  

Толығырақ

«Рудный Алтай» газетіне — 100 жыл

10 сәуір күні 2018 жылы Шығыс Қазақстан облыстық «Рудный Алтай» газетінің жарық көргеніне 100 жыл толды. Осыған орай кітапханада «Рудному Алтаю» — 100 лет: по страницам истории» көрмесінің ашылуына ҚАЕУ колледжінің студенттері қатысты. Мерейтойлық басқосуға Анатолий Акава, Шахерхан Әзмұхамбетов, Сергей Суров, Людмила Семенова, Владимир Карелов, Владимир Никифоров, Андрей Кратенко сияқты газеттің өмірінде ерекше орыны бар жерлестеріміз келді. Ардагер журналистер, газет тілшілері, жас қаламгерлер көрмеден газеттің өткен тарихына көз жіберіп, ескі жылдардағы басылымдарын, бүгінде өмірден озған әріптес-корреспондеттер кітаптарын парақтады. Газеттің алғаш қалай жарық көргенін естеріне алып, ойларымен бөлісті. Жылдар өтіп, газет өмірінде заманға сай қаншама өзгерістер болсада, «Рудный Алтай» газеті әрдайым […]

Толығырақ

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты қалалық пікір-сайысшылар турнирі

  2018 жылдың 8 сәуір күні Өскемен қаласыда C. Аманжолов атындағы мемлекеттік университет ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты қалалық пікір-сайысшылар турниріне «Алаш ұрпақтары» дебат клубы мүшелері қатысып, жақсы ойын өрнегін көрсетіп, ІІ–орын Идаятұлы Кашап, ІІІ–орын Еміл Әли мен Айынкір Бақболсын алды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Сәттілік тілейміз!

Толығырақ

Балалар және жасөспірімдер клубының оқытушыларымен кездесу

2018 жылдың 30 наурыз күні туризмнің белсенді түрінің техникасы мен тактикасы бойынша тәжірибелік білім беру мен дағдыларды игеру мақсатында «Жас турист» клубының мүшелері «Радуга» балалар және жасөспірімдер клубының оқытушылары  Ростовцева Ольга Владимировна және Орлов Вячеслав Валерьевичпен кездесу өткізілді. Кездесу аясында альпинистік құрал–жабдықтарды қолдану бойынша шеберлік сабағы өткізілді. Клуб мүшелері көптеген сұрақтарға жауап алды. Кездесу танымды әрі қызықты өтті.

Толығырақ

БОЛАШАҚҚА – БІРГЕ!

2018 жылы «БИПЭК АВТО  Қазақстан» ЖШС ҚАЕУ колледжімен серіктестік туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандумның алғышарттары басымдықтардың жүзеге асырылуы бағытында колледж бен компания арасындағы өзара тиімді, ұзақмерзімді дамыту және серіктестік қарым-қатынас орнату болып табылады. Қазақстан Республикасының ғылым және білім беру Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, еңбек нарығында сұранысқа ие бәсекеге қабілетті мамандар дайындау, елдің ең жоғары зиялыларын қалыптастыру, сапалы білім беруде тиімді серіктестікті үйлестіру – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев белгілеген алғышарттар. Қазіргі уақытта «БИПЭК АВТО  Қазақстан» ЖШС  «БИПЭК: Жаңарту» бағдарламасы аясында ҚАЕУ колледжінің « Менеджмент» және «Туризм» мамандығының 4 студенттері сынақ мерзімінен өтуде. Бірнеше апта ішінде олар өздерін еңбекқор, тәртіпті және […]

Толығырақ

Ардагерлерді ардақтайық!

2018 жылдың 15 наурыз күні ҚАЕУ колледжінің «Мейірім» волонтерлік қозғалысының мүшелері тыл еңбеккері Раиса Ларионовна Ярощенконың есік алдындағы қалың қарды тазалап, өзге де ауыр жұмыстардың бір шамасын орындауда көмек көрсетті. Мұндай акциялар  «Ардагерлерді ардақтайық» жобасының негізінде үлкендерді құрметтеу мақсатында жыл бойы дәстүрлі түрде атқарылады.  

Толығырақ

«Ата дәстүрі аманат» атты көрме

2018 жылдың 14 наурыз күні Өскемен қаласындағы қызмет көрсету колледжінде «Ата дәстүрі аманат» атты көрме өтті. ҚАЕУ колледж студенттері көрмеге қатысып, қолдан жасалған Көктем мерекесінің гүлдерімен көрменің көркін аша түсті.  

Толығырақ

Студент бола отырып еңбек нарығында сұранысқа ие болуға бола ма?

ҚАЕУ колледж тарихында студенттердің бүгінгі күндегі жауабы- «Иә!». Тек бітіруші курс қана емес барлық студенттер өздерін келешегі бар маман көрсете алуда. Өндірістік практика кезінде студенттер өзбілімдері мен біліктерін, жеке қасиеттерін көрсете алғаны сонша оларды болашақтағы жұмыс берушілері студенттердің колледжді бітірулерін күтпестен, оларға өз кәсіпорындарында қызметкер болуды ұсынды. Мадинов Арсен, «Аударма ісі» мамандығының 3 курс студенті: «2018 жылдың 3 қаңтарынан А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада жетекшілер және шетелдік мамандармен өткен әңгімелесуден кейін мені «American Culture Center» бөліміне жұмысқа қабылдады. Мен оқу мен жұмысты жеңілдікпен ұштастырып, ағылшынша сөйлеу дағдысын жетілдіріп (өйткені, мен екі американдықпен жұмыс істеймін), аударма ісінің жазба және ауызша ісімен […]

Толығырақ