Заманауи ғылыми зерттеулер: қолданбалы зерттеулерден инновацияға дейін

2019 жылдың 22 ақпан күні «Заманауи ғылыми зерттеулер: қолданбалы зерттеулерден инновацияға дейін» атты колледжішілік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция 3 секциядан тұрды, жалпы колледжден 22 студенттің  ғылыми жұмыстары тыңдалды. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша 10 студенттің еңбегі  бағаланып, І-ІІІ дәрежелі дипломдар, «Ең үздік ғылыми-зерттеу жұмысы» және «Ең үздік презентация» номинациялары бойынша мадақтамалар берілді. Іріктеуден өткен ғылыми жұмыстар ҚАЕУ-де 2019 жылдың 28 наурыз – 04 сәуір аралығында өтетін IX Халықаралық жас ғалымдар форумына жіберілді.

Толығырақ

«Экономикалық білім — заман талабы» тақырыбында интеллектуалдық ойын

2019 жылдың 4 ақпан күні «Экономика, туризм және қызмет көрсету саласы» ПЦК ғылым және шығармашылық апталығы аясында 17Ф–к1 тобының студенттері арасында «Экономикалық білім — заман талабы» тақырыбында интеллектуалдық ойын өткізілді. Ойынды өткізу мақсаты: білім алушылардың оқу сапасын арттыруға, кәсіптік дайындығы мен шығармышылық қызметтерін дамытуға, бос уақыттарын ұйымдастыру үшін сабақтан тыс шараларға қызықтыру мен тарту болды. Шараны ұйымдастырып, өткізген  арнайы пәндер оқытушысы — Толеухан Лида.

Толығырақ

Bilimfest: Жастарға арналған білім беру фестивалі

2019 жылдың 16 қаңтарында Bilimfest фестивалімен жастар Жылына арналған республикалық іс-шаралар бастау алды. ҚАЕУ колледжінің студенттері Шығыстың ғұлама ғалымы, математик, философ, музыка теоретигі, Аристотельдің ізбасары — қазақ даласының ұлы тұлғасы Әл-Фарабиге арналған алғашқы ғылыми-әдеби бұрыштың жұмысымен танысу  мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар фестивальға қатысушылар қаладағы танымал бизнесмен, меценат, «Жомарт жүрек-2017» сыйлығының лауреаты, Өскемен қаласы мәслихатының депутаты, қаламыздың құрметті азаматы Сергей Викторович Коротинмен сұхбат алаңында кездесті.

Толығырақ