Ағылшын тілінен облыстық олимпиада қорытындысы

25.04.2018 жылы ҚАЕУ колледжінде ағылшын тілінен «English: See Into The Future»  тақырыбында 1-курс білім алушылары арасында облыстық олимпиада өтті. Олимпиадаға  облыстың 12 колледжінен  білім алушылар қатысты.    ҚАЕУ колледжінен 8 студент сайыстан тыс қатысты.

Облыстық олимпиада екі турдан тұрды: 1 тур — Listening, Reading, Grammar; 2 тур — Speaking.

Облыстық олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей болды:

 Жүлделі орындар

Студенттің аты- жөні

Оқу орнының атауы

І орын Сериков Айдос Геологиялық барлау колледжі, Семей қаласы
ІІ орын Канафин Арыстан «Innovative College» мекемесі, Семей қаласы
ІІІ орын Наак Рихарт Өскемен медициналық колледжі

Облыстық олимпиада шеңберінде оқытушыларға «Aspects of Teaching English for Specific Purposes» тақырыбында тренинг өткізілді (Спикер – Кабдуалиев Р.Е.).