Ағылшын тілінен облыстық олимпиада қорытындысы

18.04.2017 жылы ҚАЕУ колледжінде ағылшын тілінен «The Harder You Learn English the Easier You Understand the World» тақырыбында 1-курс білім алушылары арасында облыстық олимпиада өтті. Олимпиадаға  облыстың 15 колледжінен  білім алушылар қатысты.

Облыстық олимпиада үш турдан тұрды:

1 тур — Testing in Lexics and Grammar; 2 тур – Listening, Reading; 3 тур — Speaking.

Облыстық олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей болды:

Жүлделі орындар

Студенттің аты- жөні

Оқу орнының атауы

І орын Эльдербаев Темирлан Өскемен медициналық колледжі
ІІ орын Рахым Думан Геологиялық барлау колледжі
ІІІ орын Байтұрсынова Назерке Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі

Номинация жеңімпаздары: «The Best Grammar» — Романюк Виолетта (Өскемен экономика-қаржы колледжі), «The Best Listening» — Жканов Ақжол (М. Әуезов атындағы педагогикалық колледж), «The Best Translator» — Подлесный Глеб (Қ. Нұрғалиев атындагы колледж).

Облыстық олимпиада шеңберінде оқытушыларға «Hospitality in Ameriсa» шеберлік сабағы өткізілді (Спикер – Полин Гарней (США).