«Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтары» тақырыбындағы дәрісбаян

27.10.2016 ж Құқық бұзүшылықтың алдын алу кеңесінің және «Заңгерлер клиникасының» мүшелерінің ұйымдастыруымен бірінші курс студенттеріне «Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтары» тақырыбында дәрісбаян өткізілді. Студенттер дәрісті қызығушылықпен тыңдап, өзекті мәселелерді талқылай отырды.

Дәріс барысында қосымша көрнекілік құралдарды қолдана отырып, әркімнің құқықтарын айтып қана қоймай, «Заңгерлер клиникасының» студенттері кездесуде жан-жақты тәжірибе негізінде алынған ақпараттарға сүйене отырып, кең ауқымды заң шеңберінде кеңес бере алды.