ҚАЕУ колледжінде өткен ашық есік күні

2016 жылдың 14 мамырында ҚАЕУ колледжі кезекті ашық есік күнін өткізді. Іс-шараға Өскемен қаласының 12 мектебінен  123 оқушы қатысты.  Келген қонақтар колледж кітапханасымен, компьютер сыныбымен, оқу дәрісханаларымен танысты.

Мамандықтар жайлы презентацияларды, Қазақстан-Американдық еркін университеті мен колледжінің өмірі жайлы фильмдерді тамашалады. Ең соңында өз білімін тексергісі келгендер және де болашақта осы колледжге оқуға түсем-деушілер байқау тестін жазды.