ҚАЕУ таланттары — 2016

02.12.2016 жылы Қазақстан-Американдық еркін университетінің акт залында «ҚАЕУ таланттары — 2016» сайысы өтті. Сайысқа университеттің, ҚАЕУ колледжі мен экономика және қаржы колледжінің  студенттері қатысып, әртүрлі жанрда өз өнерлерін көрсетті. ҚАЕУ колледжінің студенттері «Жастар Live» КВН командасының миниатюрасымен, Қадырбеков Раджан және Касенова Жансая әуенді әндерімен,  «AFamily» би тобы әдемі биімен көрермен қошеметіне ие болды.

Әділқазылардың бағалау қорытындысы бойынша ҚАЕУ колледжінің студенттері  «Үздік би» және «Креатив» номинациясын жеңіп алды.