«ҚАЕУ жетістіктерінің тарихы» туралы

20.09.2016-23.09.2016 жылы колледж бірінші курс студенттер арасында «ҚАЕУ жетістіктерінің тарихы» атты шара өтті. ҚАЕУ студенттері оқу орнының құрылуы, оның даму тарихы және халықаралық серіктестік негізінде салтанатты ашылу шарасына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысқандығы туралы ақпарат берілді.

Студенттерге ҚАЕУ оқу орнының шетел серіктестерімен жұмыс жүргізу ерекшеліктері, соның ішінде АҚШ, Канада, Европа мемлекеттеріндегі іс-тәжірибеден өту бағдарламаларымен жургізілген жұмыстар туралы фильм көрсетілді. Дарынды балаларды қолдау оқу орнының негізгі мақсаттарының бірі екендігі де аталып өтті. Қазақстан Республикасы бойынша ҚАЕУ үздік оқу орындарының алдыңғы қатарда келе жатқандығы дәлелді материалдармен жан–жақты түсіндірілді.