ҚАЕУ Жоғарғы колледжінің 1 курс студенттеріне арналған жиналыс

2023 жылғы 21 қыркүйек күні ҚАЕУ Жоғарғы колледжінің 1 курс студенттері үшін жиналыс өткізілді, онда оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, кәмелетке толмағандар арасында нашақорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері қозғалды. Кездесуге ШҚО полиция Департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Р.Н. Кошкинчинов; ШҚО полиция Департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Б.Ж. Ахметова; Өскемен қаласының Үлбі ПБ ЖПҚ бөлімі бастығының орынбасары, полиция капитаны Е.Н. Биболов; Шығыс Қазақстан облыстық психикалық денсаулық орталығының наркология бөлімінің басшысы, дәрігер-нарколог Г.Т. Кискина
Жастар — қазақстандық қоғам мен мемлекеттің болашақ әл-ауқаты мен өркендеуі денсаулық жағдайына тікелей байланысты халықтың санаты. Білім алушылармен түсіндіру жұмыстары кезінде есірткі құралдарын тұтыну жастардың, оның ішінде 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамдардың денсаулығы үшін аса маңызды қауіп төндіретіне баса назар аударылды.
Өскемен қаласының Үлбі БББ қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін құқықтық жауапкершілік туралы айтып берді.