Ардагерлерді ардақтайық!

2018 жылдың 15 наурыз күні ҚАЕУ колледжінің «Мейірім» волонтерлік қозғалысының мүшелері тыл еңбеккері Раиса Ларионовна Ярощенконың есік алдындағы қалың қарды тазалап, өзге де ауыр жұмыстардың бір шамасын орындауда көмек көрсетті. Мұндай акциялар  «Ардагерлерді ардақтайық» жобасының негізінде үлкендерді құрметтеу мақсатында жыл бойы дәстүрлі түрде атқарылады.