Arduino жобасы бойынша дәріс

2017 жылдың 12 сәуір күні «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттері Arduino жобасы бойынша Джон Гарнейдің (АҚШ) дәрісін тыңдады.

Дәріс беруші бағдарламалық қамтамасыз ету мүмкіндіктері жайында «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттерін қызықтыра алды. Колледж білім алушылары танымды және пайдалы ақпаратты қызығушылықпен тыңдай отырып, салмақты сауал қойып, өз ойларымен бөлісті.