Ашық диктантқа қатысқаны туралы

2016 жылдың 18 мамыр күні Өскемен қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді. Мерейтойға байланысты атқарылған іс-шараның мақсаты – «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын насихаттау, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту болды.

Аталған шараға Қазақстан-Американдық еркін университеті колледжінің 50 студенті қатысып, өз білім-біліктерін көрсетті.