(Русский) Мой выбор — Высший колледж КАСУ

Толығырақ

БОЛАШАҚҚА – БІРГЕ!

2018 жылы «БИПЭК АВТО  Қазақстан» ЖШС ҚАЕУ колледжімен серіктестік туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандумның алғышарттары басымдықтардың жүзеге асырылуы бағытында колледж бен компания арасындағы өзара тиімді, ұзақмерзімді дамыту және серіктестік қарым-қатынас орнату болып табылады. Қазақстан Республикасының ғылым және білім беру Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, еңбек нарығында сұранысқа ие бәсекеге қабілетті мамандар дайындау, елдің ең жоғары зиялыларын қалыптастыру, сапалы білім беруде тиімді серіктестікті үйлестіру – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев белгілеген алғышарттар. Қазіргі уақытта «БИПЭК АВТО  Қазақстан» ЖШС  «БИПЭК: Жаңарту» бағдарламасы аясында ҚАЕУ колледжінің « Менеджмент» және «Туризм» мамандығының 4 студенттері сынақ мерзімінен өтуде. Бірнеше апта ішінде олар өздерін еңбекқор, тәртіпті және […]

Толығырақ

Әлеуметтік серіктестермен өзара ынтымақтастық

2017 жылы 12 қазан күні ҚАЕУ колледжінде «Бастауыш білім беру» мамандығының 3-4 курс студенттерімен «Балалар университеті» білім жобасының басшысы А. В. Ахаевпен кездесу өтті. Жобаның мақсаты балаларды ғылымға жақындату, олардың әлемді тануға қызығушылығын арттыру болды. Кездесу барысында болашақ муғалімдер өздерінің кәсіби қызығушылығын танытып, берілген пайдалы ақпараттар үшін өз алғыстарын білдірді. 

Толығырақ

Carolyn Johnsonмен ұйымдастырылған кездесу туралы

19.09.2017 жылы Colorado штаты Aurora қаласынан келген Carolyn Johnsonның ҚАЕУ колледжі «Бастауыш білім беру» және «Аударма ісі» мамандықтарының студенттерімен кездесу өтті. Оқытушылар Кабдуалиев Рамиль Еркынович пен Carolyn Johnson қос сабақтың барысында  «Team teaching» оқыту әдісін таңдап, колледж білім алушыларына оқытуды жетілдіру мақсатында қалай өткізуге болатынын көрсете білді. Осындай сабақтың инновациялық   өткізу форматы студенттерді басқа тілдер ортасына жақындатып, барлық студенттер ағылшын тілін жетік меңгеруге қызығушылықтарын білдірді.

Толығырақ

«Final CAP ΙΙ» қалалық пікір-сайысшылар турнирі

14.05.2017 жылы Қазақстан-Американдық еркін университет колледжінде «Final CAP ΙΙ» атты қалалық пікір-сайысшылар турниріне ҚАЕУ колледжі, Өскемен медициналық колледжі, Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылық колледжі, Өскемен политехникалық колледжі С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дан 16 фракция қатысты. Турнир қорытындысы бойынша ҚАЕУ колледжі «Алаш ұрпақтары» интеллектуалды дебат клубы студенттері Марат Нұргүл бірінші орын, Айінкір Бақболсын мен Еміл Әли екінші орын алған, Идаятулы Кашап төртінші орынға тұрақтады. Турнирдің «Үздік спикері»  Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ студенті Манапбай Әділ атанды.

Толығырақ

Облыстық фестиваль «Тәлімгер-Вожатый Fest»

2017 жылдың 12 мамыр күні ҚАЕУ колледжінің студенттері «Тәлімгер Вожатый Fest» облыстық фестиваль сайысына қатысты. «Балалардың және жасөспірімдердің жазғы демалыс кундерін тиімді ұйымдастыру мен сауықтыру» мақсатында  өткен нақты шарада жоғарғы оқу орындары мен  колледждің педагогикалық мамандығы бойынша білім алушылары бақ сынасты. Фестиваль бағдарламасы бойынша сайыс 4 түрлі кезеңнен тұрды, осы талаптар бойынша қатысушылар өздерінің дайындап келген мерекелік шараларынан үзінді көрсетті. Болашақ оқытушылар  фестиваль тақырыбына сай интелектуалдық, шығармашылық қабілеттерімен бірге креативтік көзқараспен командалық бірліктерімен әділқазы алқасының көңілін таба білді.

Толығырақ

«Голос свободы» шешендер сайысы

2017 жылы 12 мамыр күні ҚАЕУ колледж студенттері А.С. Пушкин атындағы кітапханасының конференц-залында жастар арасында өткізілген «Голос свободы» шешендер сайысына қатысты. Сайыс республикалық мәдени жобаның «Үштілділік тұғырлылық» негізінде және «Алаш» қозғалысының 100 жылдығы шеңберінде өткен «Одна страна — одна книга» атты акциямен көркемделді. Біздің  сайыскерлер Бақаева Ботагөз, Адилбекова Айсулу, Омарова  Асыл, Тулегенова Улжан  өз мүмкіндіктерімен таланттарын көрсетіп қана қоймай, сөйлеу мәнерінің, тіл шеберлігінің жаңа бағыттарынан сабақ ала білді, сондай-ақ нақты шараға қатысқаны үшін сертификат иегерлері атанды. Колледж оқытушылары Таскимбаева Роза Капановна және Нұғыманова Гауһар Ержанқызы сайыскерлердің шараға үздік дайындығы үшін алғыс хаттарымен марапатталды.

Толығырақ

Мәңгілік алауға қойылған гүлдер

Ұлы Жеңістің 72 жылдық мерейтойына орай 9 мамыр күні Даңқ алаңында дәстүрлі Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Гүл шоқтарын қою рәсімі Өскемен қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен жүзеге асты. Салтанатты шара сағат 9:00-де басталды. Шара барысында қазіргі бейбіт өмір үшін жанын берген ардагерлер еске алынып, солардың құрметі үшін бір минут үнсіздік жарияланды.

Толығырақ

Акция «Көше мерекесі»

5 мамыр 2017 жылы ҚАЕУ колледжінің  студенттері Шығыс Қазақстан облысының халық Ассамблеясының ұйымдастыруымен, Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне 72 жыл толу мерейтойына орай өткен «Көше мерекесі» акциясына қатысты. Студенттер және оқытушылар Попов көшесі бойынша санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізіп, заңсыз төгілген қоқыс-қалдықтарын жинастырды.  

Толығырақ