Заманауи ғылыми зерттеулер: қолданбалы зерттеулерден инновацияға дейін

2019 жылдың 22 ақпан күні «Заманауи ғылыми зерттеулер: қолданбалы зерттеулерден инновацияға дейін» атты колледжішілік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция 3 секциядан тұрды, жалпы колледжден 22 студенттің  ғылыми жұмыстары тыңдалды. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша 10 студенттің еңбегі  бағаланып, І-ІІІ дәрежелі дипломдар, «Ең үздік ғылыми-зерттеу жұмысы» және «Ең үздік презентация» номинациялары бойынша мадақтамалар берілді. Іріктеуден өткен ғылыми жұмыстар ҚАЕУ-де 2019 жылдың 28 наурыз – 04 сәуір аралығында өтетін IX Халықаралық жас ғалымдар форумына жіберілді.

Толығырақ

«Экономикалық білім — заман талабы» тақырыбында интеллектуалдық ойын

2019 жылдың 4 ақпан күні «Экономика, туризм және қызмет көрсету саласы» ПЦК ғылым және шығармашылық апталығы аясында 17Ф–к1 тобының студенттері арасында «Экономикалық білім — заман талабы» тақырыбында интеллектуалдық ойын өткізілді. Ойынды өткізу мақсаты: білім алушылардың оқу сапасын арттыруға, кәсіптік дайындығы мен шығармышылық қызметтерін дамытуға, бос уақыттарын ұйымдастыру үшін сабақтан тыс шараларға қызықтыру мен тарту болды. Шараны ұйымдастырып, өткізген  арнайы пәндер оқытушысы — Толеухан Лида.

Толығырақ

Bilimfest: Жастарға арналған білім беру фестивалі

2019 жылдың 16 қаңтарында Bilimfest фестивалімен жастар Жылына арналған республикалық іс-шаралар бастау алды. ҚАЕУ колледжінің студенттері Шығыстың ғұлама ғалымы, математик, философ, музыка теоретигі, Аристотельдің ізбасары — қазақ даласының ұлы тұлғасы Әл-Фарабиге арналған алғашқы ғылыми-әдеби бұрыштың жұмысымен танысу  мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар фестивальға қатысушылар қаладағы танымал бизнесмен, меценат, «Жомарт жүрек-2017» сыйлығының лауреаты, Өскемен қаласы мәслихатының депутаты, қаламыздың құрметті азаматы Сергей Викторович Коротинмен сұхбат алаңында кездесті.

Толығырақ

«Тарих – ғасырлар куәсі» атты тарихи көріністер сайысы

2018 жылдың 13 желтоқсан күні ҚАЕУ колледжінде 1-2 курс топтары арасында Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздік күніне  арналған «Тарих – ғасырлар куәсі» атты   тарихи көріністер сайысы өтті. Іс-шараның  мақсаты: жас ұрпақты Отанды сүюге, еліміздің Рәміздерін қастерлеуге,  туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін ояту және актерлік шеберлікті қалыптастыру.  Сайыста қазақ халқының тарихындағы елеулі оқиғаларынан үзінділер көрсетілді: «Қазақ хандығының құрылуы», «Қасым ханның таққа отырылуы», «Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама оқиғасы», «Ұлы Отан соғысы кезеңі», «Қазақтың батыр қызы – Әлия Молдағулова», «Тың және тыңайған жерлерді игеру саясаты», «Желтоқсан желі ызғарлы», «Қайрат Рысқұлбековтың тергеу ісі». Сайыс ұйымдастырушылары: Сегизбаева Ж.Б., Колдаева А.А.

Толығырақ

«HK «Kazakh Tourism» АҚ өкілдерімен кездесу

2018 жылдың 12 желтоқсан күні ҚАЕУ колледжі «Туризм» мамандығының студенттері білім беру басқармасымен С. Аманжолов атындағы ШҚМУ университеті бірігіп ұйымдастырылған  Шығыс Қазақстан облысындағы туризмді даму мәселелері бойынша «HK «Kazakh Tourism» АҚ өкілдерімен кездесті.

Толығырақ

«Тәуелсіздік қарлығаштары» атты көрмесі

2018 жылы 7 желтоқсан күні Шығыс Қазақстан тарихи-өлкетану мұражайында 1986 жылғы Алматыдағы әйгілі Желтоқсан оқиғасына байланысты «Тәуелсіздік қарлығаштары» атты еске алу іс-шарасы өткізілді. «Желтоқсанның мұзға жаққан алауы» атты көрме бойынша экскурсия жүргізіліп, ҚАЕУ колледжінің студенттері дайындаған баяндамалары тындалды. Іс-шара соңында «Желтоқсан 1986 жыл» атты деректі фильм көрсетіліп,  колледж оқытушылары Елеусизова А.Р., Сегизбаева Ж.Б. және белсенді қатысқан студенттерге алғыс хаттар берілді.

Толығырақ

«Болашақ Заңгер-2018» атты облыстық конкурс

2018 жылдың 28 қараша күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Білікті маман» жобасының жүзеге асыру шеңберінде  ШҚО бойынша КжТББ жүйесіндегі оқу орындарының білім алушылары арасында ҚАЕУ колледжінде «Болашақ Заңгер-2018» атты облыстық конкурс өтті. Конкурсқа облыстың 3 колледж командалары  қатысты. Облыстық конкурс төрт кезеңнен тұрып, мемлекеттік және орыс тілдерінде өтті. Қорытындысы бойынша командалардың жүлделі орындары төмендегідей болды: Жүлделі орындар Оқу орнының атауы І орын Қазақстан-Американдық еркін университетінің колледжі ІІ орын Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ, Жоғары колледж ІІІ орын Құмаш Нұргалиев атындағы колледж  Ең белсенді болашақ заңгерлер «Үздік теориялық білімі бойынша», «Үздік заңгер-кеңесші», «Үздік спикер», «Үздік практик» номинациялары бойынша мадақтамалармен марапатталды.

Толығырақ

Жалпыхалықтық диктант жазуға қатысу

2018 жылдың 14 қараша күні Қазақстан-Американдық еркін университеті колледжінің студенттері мен оқытушылары республика бойынша өткізілген жалпыхалықтық диктантқа қатысты. Диктант латын негізді қазақ әліпбиінде арнайы әзірленген парақта бір күнде, бір мезетте (бір уақытта) жазылды.

Толығырақ

Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқытушылардың біліктілігін арттыруы

ҚАЕУ колледжінің 18 оқытушысы 2018 жылдың 22 қазаны мен 3 қарашасы аралығында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Біліктілікті бекіту орталығында «Жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы пәндерді оқытудың теориялық және әдістемелік аспектілері» бағдарламасы бойынша оқыту курсын 72 сағат көлемінде оқып бітірді.

Толығырақ

«American tradition Day» атты іс-шара

2018 жылдың 26 қазан күні «English Club» клубы жұмысының аясында «American tradition Day» атты іс-шара өтілді.

Толығырақ