Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған экологиялық акция

2016 жылдың 19 қазанында «Жасыл Ел» бағдарламасы бойынша «25 жыл бірге-таза Қазақстан үшін» атты экологиялық акция өтті.

«Жасыл Ел» бағдарламасының ұйымдастырушылары  студенттерге

экологиялық проблемалардың шешу жолдарын, қоршаған ортаны қорғаудағы өзекті мәселелерге  назарын аудара білді. Сондай-ақ табиғатты қорғау ісін насихаттау, табиғатты тиімді пайдалану сұрақтарын қозғап, өскелең ұрпақты Отанын сүюге, табиғатты сүюге тәрбиеледі.

ҚАЕУ колледжінің студенттері және оқытушылары Қазақстан тауының жол бойына жас ағаштар отырғызып, игі іс жасап қайтты.