Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған спорттық эстафета

10 желтоқсан 2016 жылы Қазақстан Республикасының 25 жылдық мерейтойын атап өтудегі «25 жұлдызды күн» жоспары бойынша ҚАЕУ колледжінің бірінші курс студенттер арасында спорттық эстафета шарасы ұйымдастырылды. Шара патриоттық әндермен өрнектелген,  спорттық сайыстар, сондай-ақ интелектуалдық үзіліспен өте қызықты өтті.Ұйымдастырушылар  шараға қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлай білді.