«Қазақстан» тауында өткен акция туралы

ҚАЕУ колледжінің студенттері колледж оқытушысы Қ.Т. Толеухановпен бірге 03.06.2016 жылы «Қазақстан» тауында өткен «Бұл – менің Әнұраным! Бұл – менің Туым! Бұл – менің Елтаңбам!»         атты Қазақстан Республикасының рәміздері күніне арналған акцияның қатысушылары болды.

Мемлекеттік Әнұранды орындаумен қатар Өскемен қаласы әкімінің алғыс хаттарын табыстау, мемлекеттік қызметкерлердің ант қабылдау рәсімдерінің куәгерлері болды.  Патриоттық іс-шараның маңыздылығын әрбір қатысушы ерекше сезінді.