Bilimfest: Жастарға арналған білім беру фестивалі

2019 жылдың 16 қаңтарында Bilimfest фестивалімен жастар Жылына арналған республикалық іс-шаралар бастау алды.

ҚАЕУ колледжінің студенттері Шығыстың ғұлама ғалымы, математик, философ, музыка теоретигі, Аристотельдің ізбасары — қазақ даласының ұлы тұлғасы Әл-Фарабиге арналған алғашқы ғылыми-әдеби бұрыштың жұмысымен танысу  мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар фестивальға қатысушылар қаладағы танымал бизнесмен, меценат, «Жомарт жүрек-2017» сыйлығының лауреаты, Өскемен қаласы мәслихатының депутаты, қаламыздың құрметті азаматы Сергей Викторович Коротинмен сұхбат алаңында кездесті.