Біз салауатты өмір салты үшін!

2016 жылдың 25 қазан айында ҚАЕУ колледж студенттері  «Біз салауатты өмір салты үшін» атты спортық шараға қатысты. Осы шара Шығыс Қазақстан Облысының Ішкі Істер Департаменті мен Нашақорлықпен курес басқармасының  қолдауымен мектептер мен колледж студенттер арасындағы денсаулықты сақтауды насихаттау мақсатында Ольга  Рыпакова атындағы спорт кешенінде өтті.

Осы шарадағы құрама ойындар сайысына техникалық және кәсіптік білім саласынан 18 білім беру орындары қатысуға тіркелді, оның ішінде 10 мектеп және 8 колледж. ҚАЕУ колледжінің студенттері жоғары дайындықтың нәтижесінде жүлделі 3 орынға ие болды.