Біз – өз еліміздің отаншылымыз!

05.05.2016 жылы ҚАЕУ колледжінде Ұлы Отан соғысының 71 жылдығына және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері құрылғанының 24 жылдығына арналған сайыс-саптық шеру өтті.

Саптық шеру байқауына 1 курс студенттері қатысты.

Cайыстың бағдарламасында көрсетілгені:

1. Взвод бойынша салтанатты маршпен жүріп өту.

2. Взводтың атауы.

3. Взводтың ұраны.

4. Қарусыз саптық дайындық.

5. Взвод командирлерінің сайысы.

12 взводтың барлық қатысушылары өздерін жақсы жағынан көрсетті. Жүлделі орындар төмендегідей болды: І орын — 15ПД- к3 тобының взводы, ІІ орын — 15П-р1 және 15Ф-к1 топтарының взводтары, ІІІ орын — 15ПД-к1, 15Т-к1, 15Т-р1 топтарының взводтары.

Командирлер арасында өткен сайыста оза шыққан 15ПД-к3 тобының студенті Дәулетжан Алишер.