БОЛАШАҚҚА – БІРГЕ!

Фото

2018 жылы «БИПЭК АВТО  Қазақстан» ЖШС ҚАЕУ колледжімен серіктестік туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандумның алғышарттары басымдықтардың жүзеге асырылуы бағытында колледж бен компания арасындағы өзара тиімді, ұзақмерзімді дамыту және серіктестік қарым-қатынас орнату болып табылады. Қазақстан Республикасының ғылым және білім беру Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, еңбек нарығында сұранысқа ие бәсекеге қабілетті мамандар дайындау, елдің ең жоғары зиялыларын қалыптастыру, сапалы білім беруде тиімді серіктестікті үйлестіру – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев белгілеген алғышарттар.

Қазіргі уақытта «БИПЭК АВТО  Қазақстан» ЖШС  «БИПЭК: Жаңарту» бағдарламасы аясында ҚАЕУ колледжінің « Менеджмент» және «Туризм» мамандығының 4 студенттері сынақ мерзімінен өтуде. Бірнеше апта ішінде олар өздерін еңбекқор, тәртіпті және жоғары теориялық білімдерімен көрсете білді.

«Туризм» мамандығына 3 курс студенті Жақсылық Жансая сынақ мерзімі кезінде жоғары кәсіби білімі мен дағдысы, тапсырылған кәсіби тапсырмаларды шешуде біліктілігін көрсете отырып, көсбасшылық қасиеті мен жауапты шешімдер қабылдай алатынын көрсетті.

«Менеджмент» мамандығының 2 курс студенті Шушакова Мария жоғары бағаға лайық. Ол өзін командамен бірлесе жұмыс жасай алатынын, тапсырмаларды шешуде шығармашылықпен қарайтын қырынан таныта білді. Сынақ мерзімі кезінде өзін өте жақсы жақтарынан көрсете алды. Марияға белсенділігі, кәсіби тәжірибесі сынақ мерзімін жақсы аяқтап, біздің компания да жұмысын бастауға  көмектесті. 2018 жылдың 15 наурызынан бастап Мария «БИПЭК АВТО Қазақстан» ЖШС-де қызметкерлерді дамыту орталығында менеджер болып жұмысқа қабылданды.

Ұстаздар ұжымына жоғары білікті мамандар дайындағаны үшін алғыс білдіре отырып келешекте серіктес болуға үміттенеміз.

«БИПЭК АВТО Қазақстан» ЖШС

Қызметкерлерді дамыту орталығының аға менеджері

Елена Будрина