Борис Щербаковтың «Жидебайдың жұлдызды даласы» кітабының тұсаукесері

2017 жылы 3 қараша күні А.С. Пушкин атындағы кітапханада «Жидебайдың жұлдызды даласы» – «Звёздная степь Жидебая» атты кітабының презентациясы өтті.

Кітабындағы Жидебай елі мен жерінің қасиетін, тарихын, Қазақстанды бүкіл әлемге танытқан әйгілі адамдары туралы ҚАЕУ колледжінің «Негізгі орта білім беру» мамандығының студенттеріне автор өзі жеткізе алды. Жидебайдың көрікті табиғаты, ұлы ақын туып-өскен мекеннің киелі орындары ерекше суреттелген. Кітаптың әр бөлімі Жидебай туралы қызықты мағлұматтар беріп, оқырманды осы қасиетті мекенге жақындата түседі.