Carolyn Johnsonмен ұйымдастырылған кездесу туралы

19.09.2017 жылы Colorado штаты Aurora қаласынан келген Carolyn Johnsonның ҚАЕУ колледжі «Бастауыш білім беру» және «Аударма ісі» мамандықтарының студенттерімен кездесу өтті.

Оқытушылар Кабдуалиев Рамиль Еркынович пен Carolyn Johnson қос сабақтың барысында  «Team teaching» оқыту әдісін таңдап, колледж білім алушыларына оқытуды жетілдіру мақсатында қалай өткізуге болатынын көрсете білді. Осындай сабақтың инновациялық   өткізу форматы студенттерді басқа тілдер ортасына жақындатып, барлық студенттер ағылшын тілін жетік меңгеруге қызығушылықтарын білдірді.