«Жат ағымнан сақтану жолдары» ақпараттық насихат семинар

2017 жылдың  28 наурызында ҚАЕУ колледжінің акт залында облыстық ішкі саясат  өкілдерінің ұйымдастыруымен студенттерге «Жат ағымнан сақтану жолдары» ақпараттық насихат семинар өткізілді. Семинарды Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі, Екібастұз қаласы мешітінің бас имамы Бауыржан Отарбаев жүргізді. Семинар барысында студенттерге дәстүрлі емес діни ағымдардың өршу жолдарымен қауіптілік деңгейі мысалдармен жан-жақты түсіндірілді. Студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, сауапты  сауал ақпараттық жауаппен тұжырымдалды.

Толығырақ

Жат ағымнан сақтану жолдары

2017 жылдың 28 наурызында ҚАЕУ колледжінің акт залында облыстық ішкі саясат  өкілдерінің ұйымдастыруымен студенттерге «Жат ағымнан сақтану жолдары» ақпараттық насихат семинар өткізілді. Семинарды Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі, Екібастұз қаласы мешітінің бас имамы Бауыржан Отарбаев жүргізді. Семинар барысында студенттерге дәстүрлі емес діни ағымдардың өршу жолдарымен қауіптілік деңгейі мысалдармен жан-жақты түсіндірілді. Студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, сауапты  сауал ақпараттық жауаппен тұжырымдалды.

Толығырақ

«Жігіт сұлтаны-2017» қалалық сайысы

Шығыс Қазақстан облысының жоғарғы  оқу орындар мен техникалық кәсіптік білім беру орындарында  Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Жігіт сұлтаны-2017» қалалық сайысы өтті. Сайысқа 17 оқу орнынан үміткерлер қатысты, сайыс 4 сатыдан тұрды: «Сал-серілер салтанаты» би жарысы, «Бәйге» интелектуалдық сайысы, «Сегіз қырлы бір сырлы» өнер сайысы, «Біздің жігіттер керемет жігіттер» спорттық сайысы, «Іскерлік стиль» іскерлік келбет сайысы. ҚАЕУ колледж студенті Қадырбеков Раджан осы бес кезеңнен суырылып шығып, жүлделі 1-орынды «Өнерпаз жігіт» номинациясымен жеңіп алды.

Толығырақ

Do You Speak English?

2017 жылдың 28 ақпан мен 2 наурыз күндері аралығында ҚАЕУ «Көптілділік» бағдарламасын іске асыру мақсатында CLIL пәнді-тілдік кіріктіріп оқыту технологиясын қолдану бойынша көрнекі сабақтар өткізілді. CLIL технологиясы шетел тілін басқа пәндерді оқытуда оқудың қажетті құрал ретінде қарастырады. Яғни, тілді үйрену кез келген пән саласы арқылы жүргізіледі, демек CLIL шет тілі сабағы емес, шет тілінде өтетін пән сабағы. Бижанов Н.Н., Кикина М.И., Кыдырханова А.С., Нұғыманова Г.Е. қаржы және экономика колледжі мен ҚАЕУ колледжінің әріптестеріне шетел тілін басқа пәндерді оқытуда әдіс-тәсілдер, формалардың қолдануын үлгі ретінде көрсете білді: «Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсетуді үйымдастыру» мамандығының студенттеріне — «Catering/Мейрамхана бизнесі», «Бастауыш білім беру» мамандығының […]

Толығырақ

Сайыстар, ойындар, аукцион …

2017 жылдың 20-25 ақпан аралығында  «Экономика, туризм және қызмет көрсету саласы» пәндік-циклдік комиссиясының ғылыми және шығармашылық апталығы аясында колледждің оқытушылары мен студенттері оқу және оқудан тыс әр түрлі іс-шараларға қатысты. Олар — «Білгірлер алаңы», «Рынок» іскерлік ойындары, «Финансы поют романсы, или чем грозит финансовая «темнота» атты пікірталас-сабағы, «Үздік экскурсовод» атты сайыс, «Бренд-страна-столица» ойыны, «Кто хочет стать бухгалтером?» атты интеллектуалды ойын. «Аукцион «КАСУ» іс-шарасы аясында КАСУ логотипті бар тауарлар қойылды, олар колледж студенттерімен алынған купондарға айырбасталды. Іс-шараны өткізу барысында аудиторияда жақсы көңіл-күй орнады. Апталық қорытындысы бойынша студенттер іс-шараны ұйымдастыруға араласқаны үшін және белсенді қатысқандары үшін сертификаттармен марапатталды.

Толығырақ

Заманауи ғылыми зерттеулер: қолданбалы зерттеулерден инновацияға дейін

2017 жылдың 17 ақпан күні «Заманауи ғылыми зерттеулер: қолданбалы зерттеулерден инновацияға дейін» атты колледжішілік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция жеті секциядан тұрды, жалпы колледжден 50 студенттің  ғылыми жұмыстары тыңдалды. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша 20 студенттің еңбегі  бағаланып, «Үздік ғылыми-танымдық жұмыс», «Тақырып өзектілігі» және «Үздік презентация» номинациялары берілді. Іріктеуден өткен ғылыми жұмыстар ҚАЕУ-де 2017 жылдың 30 наурыз — 02 сәуірде өтетін VII Халықаралық жас ғылымдар форумына жіберілді.

Толығырақ

«Жұмыспен қамту орталығының» мамандарымен кездесуі

2017 жылдың 15 ақпан айында колледж түлектері Өскемен қаласының «Жұмыспен қамту орталығының» қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесу барысында «Жұмыспен қамту бағдарламасымен» таныстыру жұмыстары жүргізілді. Бағдарлама жаппай кәсіпкерлікті, жұмыспен қамтамасыз ету 2017-2021 жыл. «Жұмыспен қамту орталығының» мамандары Маулитканова Ж.М., Тлеубердинова А.Д. колледж түлектеріне бағдарламаның барлық мүмкіндіктері жөнінде ақпарат берді. Оларға жастар тәжірибесінен өтіп, соңынан жұмысқа тұра алатындығы ескертіліп айтылды.

Толығырақ

«Мен өмірді сүйемін!» тақырыбындағы семинар-тренинг

2017 жылдың 15 ақпан күні ҚАЕУ колледж студенттер арасында «Мен өмірді сүйемін!» тақырыбында суицидтің алдын алу мақсатында колледж психологі  Баженова Н.К. ұйымдастыруымен семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренингтің әркімнің өз проблемаларын шешу жолдары мен қиыншылықтардың  алдын алу жолдарын үйретті. ҚАЕУ студенттері Богомолова О.В., Сорокина Е.С., Романова Н.О. тренинг барысында колледж студенттеріне психологиялық әдістердің бірі арт-терапияны қолдана отырып, ойындар өткізді.

Толығырақ

«Жайдарман» іріктеу ойыны

Ақпан айының 15-ші жұлдызында Қазақстан-Американдық еркін университетінің колледжінде командалар арасында «Жайдарман» іріктеу ойыны өтті. Барлық қатысушы 4 команда болды, олар өте қызықты ойын көрсетті. Төрешілердің шешімі бойынша 1-орын «КАСУ құрамасы», 2-орын «Көз тимесін», 3-орын «Сека-Life» командаларына берілді. Сонымен қатар, ойыншылар мен командаларға номинациялар берілді. «Көрермен көзайымы» номинациясын «3+1» командасы, «Ең үздік ойыншы» номинациясын «Сека-Life» командасының ойыншысы Алшимбаев Әділ иеленді. «Көз тимесін» командасының капитаны Ақанов Есен де, ойын барысында ерекше көзге түсті.

Толығырақ

Болашақ оқытушыларға арналған тәжірибелік сабақ

2017 жылдың 13 ақпан күні  ағылшын пәнінің оқытушысы Гэри Сопер (Портленд, Орегон, АҚШ) «Бастауыш білім беру» мамандығының студенттеріне тәжірибелік сабақ өткізді. Студенттер бастауыш сыныптарында тәжірибелік еңбек өтілі бар оқытушымен пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды. Гэри Сопер көрнекіліктерді пайдалана отырып, студентерге шетел балалар әдебиетінің жанрларымен таныстырды. Сабақ барысында болашақ бастауыш сыныптарда шет тілін оқытудағы тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруға негізделген сұрақтар қарастырылды.

Толығырақ