Талапкерлер үшін өткізілген ашық есік күні
11.02.2017 жылы ҚАЕУ колледжінде «Ашық есік» күні өтті. Болашақ талапкерлерге бәсекеге қабілетті мамандық иесі болудағы, оған қол жеткізу үшін оқу орынды дұрыс таңдау аса маңызды екенін ескере отырып, жеткілікті ақпарат беру мақсатында мектеп оқушыларына арналған шара өткізілді. Шара барысында ҚАЕУ колледжінің қазіргі таңдағы сұраныстармен талаптарға сай барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілгендігі жөнінде деректі фильм көрсетіле отырып, білім алушыларға жан-жақты мәліметтер берілді. Сондай ақ колледждің өзін өзі басқару комитетінің ұйымдастыруымен колледждің өнерлі, талантты студенттерінің концерттік бағдарламасы ұсынылды. Шара соңында оқушылар қалаулары бойынша тест тапсырмаларын орындап, жақсы қорытынды көрсеткен балаларға сертификат тапсырылды.
Шетел студенттер тобымен кездесу
09.02.2017 жылы ҚАЕУ колледжінде «Бастауыш білім беру» және «Аударма ісі» мамандықтарының білім алушыларымен американдық Нортвест университетінің студенттерімен (Сиэтл, Вашингтон штаты, АҚШ) керемет кездесу өтті. Ақ көңіл, ашық мінезді американдық студенттері өздерінің туып өскен қалалары жөнінде, білім алып отырған оқу орны туралы қызықты әңгімелер айтып берді. Колледждің студенттері де өз пікірлерін еркін айтып, көзқарастарымен бөлісті, сондай-ақ колледждің белсенді тобы олармен қызықты да, көңілді «Крокодил» ойынына қызығушылықпен қатысты. Колледж студенттері керемет мүмкіндіктер мен тәжірибе алып, уақытты қызықты өткізді.
«Маусымашар-2017» атты Республикалық фестиваль
ҚАЕУ колледжінің «Тарбағатай-Los Angeles» КВН командасы ағымдағы жылдың 27 қаңтар айы мен ақпанның 3-не дейін Астана қаласында өткен «Жайдарман» ойындарының Республикалық «Маусымашар-2017» фестиваліне қатысып, әр аймақтан келген 166 команданың ішінен өз өнерлерін көрсетіп, Республикалық бірінші лига сайысына жолдама алып қайтты.
Ұлттық ойын «Тоғыз құмалақ» сайысы
3 ақпан 2017 жылы ҚАЕУ колледжінің спорт залында оқытушы К.Т. Толеухановтың ұйымдастыруымен ұлттық ойын «Тоғыз құмалақ» сайысы 1 — 4 курс студенттер арасында өтті. Сайысқа қатысушылар өздерінің математикалық, логикалық ойлау қабілеттерін сайыс барысында пайдалана білді. Рахимбеков Куандық, Резанов Николай, Серік Жанар, Құмарқанова Алина сияқты студенттер өте жақсы ойын көрсетті.
Экономикалық мамандықтар бойынша өткен облыстық конкурс
21.12.2016 жылы ҚАЕУ колледжінің тобы ШҚО Техникалық және кәсіби білім беру жүйелердегі оқу орындарының студентеттері арасында Өскемен экономика және қаржы колледжі ұйымдастырған облыстық сайысқа қатысты. Сайыс екі тілде өтіп, 4 турды қамтыды. Сайыс барысында ҚАЕУ колледжінің студенттері «Бухгалтерлік баланс», «Есептер және екі жақты жазу» пәндер бойынша өздерін кешенді есептерді шығаруда білімдерін көрсете білді. ҚАЕУ колледжінің тобының құрамы: Дроздова Полина, Осипова Анастасия, Медведева Екатерина және Елемесова Бибигуль, жетекші — Мурзаканова Айнур Кайролдакызы, арнайы пәндер оқытушысы, III орынды иеленгені үшін Дипломмен марапатталды. Сондай-ақ, Дроздова Полина жүлделі III орынға ие болды.
Экономикалық пәндерден өткен олимпиада
14.12.2016 жылы КАЕУ колледжінің тобы ШҚО колледждерінің студенттері арасында Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орайластырылған Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінің Өскемен қаласындағы бөлімшесі ұйымдастырған халықаралық олимпиадаға қатысты. Олимпиада мемлекеттік және орыс тілдерінде өтіп, 2 турды қамтыды: «Қазақстан экономикасы: Тәуелсіздікке — 25 жыл» атты жобаны қорғау, тест тапсырмаларын орындау мен логикалық есептерді шешу. ҚАЕУ колледжінің «НЛО» атты тобы ІІ орынды иеленгені үшін Дипломмен марапатталды.
«Жайдарман» Республикалық шығыс орталық лигасы
11.12.2016 жылы Өскемен қаласында Металлургтер мәдениет үйінде «Жайдарман» Республикалық шығыс орталық лигасының финалында ҚАЕУ колледжінің «Жігіттер» командасы да өз өнерлерін көрермендерге паш етті. Қызықты ойындарымен әділқазылар тарапынан тек жақсы ықыластарға ие болды. Сондай-ақ олардың бағдарламаларындағы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне арналған қойылымдары ерекше атап өтті. Әділқазы қорытындысы бойынша ҚАЕУ колледжінің командасы жүлделі 3-орынды жеңіп алды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған спорттық эстафета
10 желтоқсан 2016 жылы Қазақстан Республикасының 25 жылдық мерейтойын атап өтудегі «25 жұлдызды күн» жоспары бойынша ҚАЕУ колледжінің бірінші курс студенттер арасында спорттық эстафета шарасы ұйымдастырылды. Шара патриоттық әндермен өрнектелген, спорттық сайыстар, сондай-ақ интелектуалдық үзіліспен өте қызықты өтті.Ұйымдастырушылар шараға қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлай білді.
Жастар форумы
2016 жылдың 8 желтоқсан күні ҚАЕУ колледж студенттері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Нұрлы Болашақ» қалалық жастар форумына студенттік өзін-өзі басқару комитеті, колледж президенті Сапиолда Арманның бастауымен қатысып қайтты.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады
2016 жылдың 7 қараша күні ҚАЕУ колледжінің студенттері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Біз – еліміздің болашағымыз» атты би флешмобын өткізді. Осылайша, колледж жастары, XXI ғасыр ұрпағы бола отырып, тәуелсіз, егеменді, демократиялық мемлекетіміздің тарихына және болашағына өз құрметін білдіре алды.
Толығырақ