ҚАЕУ таланттары — 2016
02.12.2016 жылы Қазақстан-Американдық еркін университетінің акт залында «ҚАЕУ таланттары — 2016» сайысы өтті. Сайысқа университеттің, ҚАЕУ колледжі мен экономика және қаржы колледжінің студенттері қатысып, әртүрлі жанрда өз өнерлерін көрсетті. ҚАЕУ колледжінің студенттері «Жастар Live» КВН командасының миниатюрасымен, Қадырбеков Раджан және Касенова Жансая әуенді әндерімен, «AFamily» би тобы әдемі биімен көрермен қошеметіне ие болды. Әділқазылардың бағалау қорытындысы бойынша ҚАЕУ колледжінің студенттері «Үздік би» және «Креатив» номинациясын жеңіп алды.
«МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЛОГИКА» ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТКЕН ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА ҚОРЫТЫНДЫСЫ
30.11.2016 жылы ҚАЕУ колледжінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТиПО жүйесіндегі оқу орындарының бірінші курс студенттері арасында «Математикалық логика» тақырыбында облыстық олимпиада өтті. Олимпиадаға облыстың 20 колледждерінің білім алушысы қатысты. Олимпиада мемлекеттік және орыс тілдерінде өтіп екі турдан тұрды: 1 тур — тестік тапсырмалар, 2 тур — тәжірибелік тапсырмалар. Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей болды: Мемлекеттік тілде оқитын студенттер арасында № Жүлделі орындар Студенттің аты- жөні Оқу орнының атауы 1 І орын Бинехан Әлі Айтжанұлы Радиотехника және байланыс колледжі, Семей қ. 2 ІІ орын Зиядабекова Кербез Жасұланқызы Зайсан технология колледжі 3 ІІІ орын Бокешова Алина Берікқанқызы М. Әуезов атындағы педагогикалық […]
Бірінші дүниежүзілік соғысты еске алу мақсатында Өскемен қаласындағы хронологиялық сандық көрме
2016 жылдың 15 қараша күні А.С. Пушкин кітапханасының конференц-залында Қазақстан мемлекетіндегі Франция елінің елшісі, қорғаныс істерінің полковнигі Стефан Самаранның қатысуымен бірінші дүниежүзілік соғысты еске алу мақсатындағы хронологиялық сандық көрменің салтанатты ашылуы болды. ҚАЕУ колледжінің студенттері көрмедегі құнды естеліктердің көзімен танысып, сол жылдардан мол ақпарат алды.
«Мәңгілік Ел жастары» атты облыстық пікір-сайысшылар турнирі
11.11.2016 жылы Жастар орталығы қолдауымен және Өскемен медециналық колледжі ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы 25 жылдығы аясында «Мәңгілік Ел жастары» атты облыстық пікір-сайысшылар турниріне ҚАЕУ колледжі студенттері қатысып Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқу орындары студенттері арасында өте жақсы нәтижелер көрсетті. ҚАЕУ колледжінен турнирге 8 фракция катысты. Аталған турнирде бірінші орын алған ҚАЕУ колледжі студенттері Бастаубаев Әлібек, Идаятұлы Кәшәп. Турнирдің «Үздік спикері» 15Т-к1 тобы студенті Еміл Әли атанды.
Мүмкіндігі шектелген балаларға қайырымдылық шарасы
ҚАЕУ колледжінің студенттік өзін-өзі басқару комитетінің жастары 2016 жылдың 8 қараша күні «Үлбі» мүгедек балаларды оңалту орталығында мемлекетіміздің тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығының қарсаңында мерекелік қайырымдылық шарасын өткізді. Студенттер алдын ала даярлап қойған сыйлықтарын сыйлап, қызықты ойындармен балаларға көңілді күн ұйымдастыра білді.
«Бастау — 2016» Республикалық жас пікір-сайысшылар турнирі
4 – 7 қараша 2016 жылы Семей қаласында Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет қолдауымен және Пікір-сайыс клубтары қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі 25 жылдығы аясында «Бастау — 2016» Республикалық жас пікір-сайысшылар турниріне ҚАЕУ колледжі студенттері Асылғазы Алтынай, Бозтаева Назерке, Ергазинова Дильшат, Еміл Әли, Маратова Нұргүл, Кызырбекова Айгерім қатысып, жақсы ойын өрнегін көрсетіп, 1–орынды Ергазинова Дильшат және Еміл Әли алып Бета лига чемпиондары атанды.
Волейболдан қыздар арасындағы кезекті жарыс
2016 жылдың 5 қараша күні ҚАЕУ спартакиада шеңберінде ҚАЕУ колледжі мен экономика және қаржы колледжінің қыздары арасында волейболдан кезекті сайыс өтті. ҚАЕУ колледжінің қыздар командасы ойынның үш айналымында экономика және қаржы колледжінің командасын айқындықпен жеңіп, жартылай финалға өтті. Турнир қортындысында жүлделі екінші орынға ие болды. ҚАЕУ колледжінің студенттері Айтқалиева Елдана, Қинаятова Ақбота үздік ойыншы ретінде марапатталды.
«Мәңгілік ел» акциясы
04.11.2016 жылы ҚАЕУ колледжінің студенттері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығы қарсаңында «Мәңгілік ел» акциясын жүзеге асырудың негізінде «Үміт» балалар үйінде қайырымдылық шарасын өткізді. Студенттер балаларға сыйлықтар дайындап, қызықты ойындармен, әсем әнмен көркемделген көңілді кеш ұйымдастырды. «Үміт» балалар үйінің әкімшілігі ҚАЕУ колледжінің өзін-өзі басқару студенттік тобына өткізіп отырған қайырымдылық шара үшін алғысын білдірді.
«Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтары» тақырыбындағы дәрісбаян
27.10.2016 ж Құқық бұзүшылықтың алдын алу кеңесінің және «Заңгерлер клиникасының» мүшелерінің ұйымдастыруымен бірінші курс студенттеріне «Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтары» тақырыбында дәрісбаян өткізілді. Студенттер дәрісті қызығушылықпен тыңдап, өзекті мәселелерді талқылай отырды. Дәріс барысында қосымша көрнекілік құралдарды қолдана отырып, әркімнің құқықтарын айтып қана қоймай, «Заңгерлер клиникасының» студенттері кездесуде жан-жақты тәжірибе негізінде алынған ақпараттарға сүйене отырып, кең ауқымды заң шеңберінде кеңес бере алды.
Біз салауатты өмір салты үшін!
2016 жылдың 25 қазан айында ҚАЕУ колледж студенттері «Біз салауатты өмір салты үшін» атты спортық шараға қатысты. Осы шара Шығыс Қазақстан Облысының Ішкі Істер Департаменті мен Нашақорлықпен курес басқармасының қолдауымен мектептер мен колледж студенттер арасындағы денсаулықты сақтауды насихаттау мақсатында Ольга Рыпакова атындағы спорт кешенінде өтті. Осы шарадағы құрама ойындар сайысына техникалық және кәсіптік білім саласынан 18 білім беру орындары қатысуға тіркелді, оның ішінде 10 мектеп және 8 колледж. ҚАЕУ колледжінің студенттері жоғары дайындықтың нәтижесінде жүлделі 3 орынға ие болды.
