Мемлекеттік аттестаттаудан өту туралы

ҚАЕУ Жоғарғы колледжі ТжКБ ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігі бойынша мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өтті. ҚАЕУ жоғары колледжінің ұжымын құттықтаймыз!

Толығырақ

«Физика-химиялық КВН» атты облыстық байқауына қатысу

2022 жылдың 23 желтоқсан күні «Химиктер-Алхимиктер» ҚАЕУ Жоғарғы колледжінің командасы Өскемен жоғары политехникалық колледжінің 70 жылдығына арналған «Физика-химиялық КВН» атты облыстық байқауына қатысты. Ойын техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің оқу орындарының командалары арасындағы 5 байқаудан тұрып, жарыс түрінде өткізілді. Жауапты оқытушылар: Манарбекова Г.С., Маралбаева Н.Е. Колледж командасын «Әртістік» номинациясындағы жеңісі үшін құттықтаймыз!

Толығырақ

«WorldSkills Kazakhstan — 2022″ Республикалық кәсіби шеберлік Чемпионаты өтуде

2022 жылғы 6-10 желтоқсан аралығында Астана қаласында «WorldSkills Kazakhstan — 2022″ Республикалық кәсіби шеберлік Чемпионаты өтуде, оған республиканың барлық өңірлерінен 500-ден астам ТжКБ жүйесінің студенттері мен жастары, сондай-ақ 500-ге жуық сараптамалық қоғамдастық пен бизнес өкілдері қатысады. Чемпионат Робототехника, Мехатроника, Web-дизайн, мейрамхана бизнесі, қонақ үй бизнесі, құрылыс, автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету, Флористика және т. б. бағыттар бойынша 30-дан астам құзыреттер бойынша өтеді. ҚАЕУ Жоғарғы колледжі «Қонақ үй әкімшілігі: қонақ үй ресепшионисі» құзыретінде «Туризм» мамандығының студенті Қадылбекова Амина ұсынады. Амина — үздік білім алушы, 3 тілді — қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген. Өткен жылы ол Біріккен Араб Әмірліктерінің қонақ […]

Толығырақ

ҚАЕУ Жоғарғы колледжінің өзін-өзі бағалау есебі

Жоғарғы колледж Қазақстан-Американдық еркін университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Колледжде оқыту негізгі және жалпы орта білім беру базасында жүзеге асырылады. Оқыту тілі: мемлекеттік (қазақ) және орыс. Оқыту түрі: күндізгі және сырттай. Колледждің өзін-өзі бағалау есебінде құқық белгілейтін және құрылтай құжаттары, рұқсат беру құжаттары көрсетілді. ОТЧЕТ по самооценке Высшего колледжа КАСУ

Толығырақ

ҚАЕУ-дегі «жұмыс берушілер күні»

2022 жылғы 15 қарашада ШҚО ТжКОБ жүйесінде кадрларды даярлау сапасын арттыру бойынша жұмыс берушілермен тиімді бірлескен жұмыс жүргізу және ынтымақтастық мақсатында «Жұмыс берушілер күні» өтеді. Серіктес мекемелер және жұмыс берушілермен кадрларды даярлаудағы нәтижелі байланыстың арқасында жүргізілетін семинарлар, дөңгелек үстелдер, диалог алаңдарының бағдарламасы әзірленді. Іс-шара соңында жұмыс берушілерді Алғыс хаттармен марапаттау рәсімі өткізілмек.

Толығырақ

Біздің студенттердің облыстық бейнероликтер байқауына қатысуы

«Адал- сатылмайтын еңбек бейнесі» тақырыбындағы қашықтықтан өткізілетін облыстық видеролик сайсына 21 ПД-к тобының студенттері :Жайылғанов Дамир Қанатұлы- бейнероликтің түсірілу техникасын қамтамасыз етіп, монтаж жасаған , Маратқызы Назерке — негізгі идеяны ұсынған режиссер, басты рөлде-    Ахмеджанов Альхайр Асхатович , қосымша рөлдерде-  Ақылбекқызы Ажар , Токтарханова Нагима Думановна , кадрдан тыс текстті оқыған- Маратов Сағынған Рауанұлы  . Осы студенттердің шығармашылық жұмысы «Саналы ұрпақ»облыстық студенттер слетіне жіберілді.

Толығырақ

ҚАЕУ колледжінің «СтартПрофи-Shygys»кәсіптік бағдар беру іс-шарасына қатысуы

ҚАЕУ Жоғары колледжі мектеп оқушыларына арналған стенд-моб «СтартПрофи — Shygys» кәсіптік бағдар беру шарасына қатысып қайтты. Білім алушыларға болашақта дұрыс таңдау жасай білу үшін , колледждің қамтамасыз етіп отырған мамандықтары бойынша толық мәлімет беріліп, ақпарат парақшалары мен жадынамалары таратылып ,қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Толығырақ

Студенттерімізді Республика күнімен құттықтаймыз

Еліміздің басты мерекелерінің бірі – 25 қазан ұлттық мереке – Республика күніне орай *22ПиМ(қ)-к2 тобында «Қазақстан – Республикам менің!»* тақырыбында тәрбиелік іс-шара өтті. Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болып табылатындықтан маңызы ерекше. Тәуелсіздігімізді дәріптеп, нығайтуға септігін тигізетін ұлттық мереке құтты болсын!

Толығырақ

ҚАЕУ-де Қазақстан Республикасы күніне орай викторина өткізіледі

2022 жылғы 20 қазанда Республика күніне орайластырылған 21ср-к1, 22пим(ин)-к1, 22П-р1 топтарының студенттері арасында «республиканың игілігі» патриоттық және ағартушылық викторинасы өткізіледі

Толығырақ

Қазақстан Республикасы күніне арналған Эстафета

ҚАЕУ жоғары колледжі эстафета өткізеді

Толығырақ