Дүниежүзілік туризм күні
2016 жылы 27 қыркүйек күні Дүниежүзілік туризм күніне арналған «Жас турист» клубы қатысушылар арасында туристік–спорттық сайыс өтті. Сайыс студенттердің туристік-спорттық дайындықтарын дамыту, туризм нұсқаушысы маманының дағдысын қалыптастыру мақсатында өткізілді. Төрешілер құрамында — ҚАЕУ колледжінің Вице-президенті, директоры Кикина М.И., «Радуга» балалар мен жасөспірімдер клубының оқытушысы Ростовцева О. В., колледж тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Амангелдина С.А., медицина қызметкері Паньшина Н.М.
Сайыс 5 турдан тұрды, «Young tourists» және «Dangerous» командалары арасында өтті. Турлардың ішіндегі «Спелеотур», «Велотур», «Гранд-тур» қызықты өтті. «Young tourists» командасы жеңімпаз болып атанды. Мерекелік күнді студенттердің туристік әндері, флешмоб және «Туризм күні» деп жазылған шарларды ұшыруы әсерлі өткізді.
«Жас турист» клубына қабылданған студенттерге туристік төс белгілері табысталды.
