«Денсаулық күні — 2016» атты спорттық мерекелік іс-шара туралы

2016 жылдың  қыркүйектің 24 жұлдызында ҚАЕУ колледжінің бірінші курс студенттері арасында «Денсаулық күні — 2016» атты спорттық мерекелік іс-шара өтті.

Спорттық жарыс келесі кезеңдерден тұрды: орнынан ұзындыққа секіру, жеңіл атлетикалық эстафета, арқан тарту, кермеде тартылу, арқаға жатып дене көтеру.

Іс-шараға бірінші курстың 10 тобы қатысты. Үздік топтар: 16П-р1, 16П-к1,16Ф-к1,16СО-к1.

Студенттер спорттық жарыста шыдамдылықты, қызығушылықты және күш-жігерлерін танытты.