Гэри Сопер жүргізген «Cooking» шеберлік сабағы

2016 жылдың қыркүйектің 20-сы мен қазанның 11-і жұлдызы аралығында ағылшын тілінен білім деңгейін жоғарлату және кәсіптік оқыту саласында ынтымақтастық орнату мақсатында тағам пісіру технологиясы бойынша шеберлік сабақтарды сертификатталған ағылшын тілі оқытушысы Гэри Сопер (АҚШ) жүргізді.

Студенттерге итальяндық сорпа, «Chicken Fajitas» мексикалық тағамы, шоколад түйірлері және жержаңғақ майы араласқан печенье, жүгері жармасынан жасалған нан дайындау технологиясы көрсетілді.

Білім алушылар түрлі елдердің аспаздығына  айқын қызығушылық танытты.

Осындай шеберлік сабақтарды ҚАЕУ колледжінің студенттеріне Гэри Сопер екі жыл бойы өткізіп жүргенін айта кеткен жөн.